ИНДОНЕЗИЯ
Дәмдеуіш аралдары
XVI ҒАСЫРДА дәмдеуіштер саудасы қазіргі таңдағы мұнай өндірісі сияқты дүниежүзілік экономикада маңызды рөл атқарған. Дәмдеуіш аралдарынан (Индонезиядағы Молукк және Солтүстік Молукк провинциялары) келген мускат жаңғағы мен қалампыр (гвоздика) іспетті дәмдеуіштер Еуропа нарығында өте жоғары бағаға сатылатын.
Христофор Колумб, Васко да Гама, Фернан Магеллан, Самюэль де Шамплен және Генри Гудзон есімді саяхатшылар аталмыш аралдарға жол іздеген. Осылайша Индонезия дәмдеуіштерін іздеп жүріп адамдар Жер шарының географиясын жақсырақ таныды.