ИНДОНЕЗИЯ
Коммунистер көтерілісінде аман қалдым
Рональд Джака
-
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1928
-
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1941
-
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Индонезияда 25 жылдан аса уақыт филиал қызметшісі болған.
ИНДОНЕЗИЯ коммунистік партиясымен байланысы бар әскери жасақ мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, 1965 жылғы 1 қазанның таң сәрісінде алты ықпалды әскербасын өлтірді. Үкімет бірден іске кірісіп, оларды аямай жазалады. Бүкілхалықтық “жүгенсіз қантөгіс” деп сипатталған бұл қақтығыста коммунист деп табылған 500 000-дай адам қырылды.
Бірнеше аптадан кейін жоғары лауазымды әскери бастық келіп, коммунистер көзін құртуды жоспарлаған жергілікті дін жетекшілерінің тізімінде менің бірінші тұрғанымды айтты. Ол тіпті мені көмуге дайындап қойған жерді көрсеткісі келді, бірақ мен ізетпен бас тарттым. Себебі елде саяси жағдай ушығып тұрған уақытта, жұрт мені бұл кісімен бірге көріп, мәсіхші ретінде бейтараптық сақтап жүргеніме күмәнданғанын қаламадым.