ИНДОНЕЗИЯ
Елу жылдық арнайы ізашарлық қызмет
Алистен Люмар
-
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1927
-
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1962
-
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Бұрын полиция инспекторы болған бауырлас 50 жылдан астам уақыт арнайы ізашарлық қызмет атқарған.
МЕН Батыс Папуадағы Маноквари қаласына 1964 жылы арнайы ізашар ретінде тағайындалдым. Мұндағы кішігірім қауым дінбасылар тарапынан қарсылыққа ұшырап жүрген еді. Ал қалаға келгенімді естігенде, бір протестант шіркеуінің қызметшісі үйіме баса-көктеп кіріп келді де:
“Мен мына үйдің түгін қалдырмай құртамын, Маноквариден Ехоба куәгерлерін жоқ қыламын!”— деп айқай салды.
Бұрын полиция қызметкері болғандықтан, мен оның бұлай айбат көрсеткеніне мән бермедім. Қайта, оған сабырлықпен жауап бердім, нәтижесінде ол сабасына түсіп, жөніне кетті (Пет. 1-х. 3:15).
Сол уақытта Маноквариде сегіз-ақ жариялаушы болды. Ал бүгінде, 50 жылдай өте, мұнда жеті қауым бар. 2014 жылы өткен конгреске 1200-ден астам адам келді. Ехобаның осы шалғай аймақта нендей істерді жасағанын көріп, нағыз қанағат сезінемін.