Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Кітаптардың аттарын жаттайық (1-бөлім)

Кітаптардың аттарын жаттайық (1-бөлім)

Жүктеу:

  1. 1. Мұсаның 1-жазбасы: Адам жұмақтан қуылған.

    Мұсаның 2-жазбасы: Құдай өз халқын құтқарған.

    Мұсаның 3-жазбасы: Құдай оларға заң берген.

    Мұсаның 4-жазбасы: Мұралы жерге бәрі кірмеген.

    Мұсаның 5-жазбасы: Тіл алудың маңызы айтылған.

    Ешуа: Әр отбасы жерді бөліп алған.

    Билер: Ехоба билерге көп күш берген.

    Рут: Құдай оны отбасылы еткен.

    Самуилдің 1-жазбасы: Дәуіт патша боп майланған.

    Самуилдің 2-жазбасы: Күнә жасап, ол қайғырған.

    Патшалар 1-жазба: Патшалық екіге бөлінді.

    Патшалар 2-жазба: Жамандар көп, жақсылар аз еді.

    Шежірелер 1-жазба: Халық өткеннен сабақ алған.

    Шежірелер 2-жазба: Жаман патшалар халықты бұзған.

    Езра: Ол халықты дұрыс жолға салған.

    Нехемия: Қала қабырғасын қайта соққан.

    Естер: Ол еш қорықпай, патшаға барған.

    Әйүп: Қиындықта ол мінсіз боп қалған.

    Зәбүр: Бұл — Құдайды мадақтайтын жырлар.

    Нақыл сөздер: Онда аса құнды даналық бар.

    Уағыздаушы: Қызмет ету қуаныш сыйлайды.

    Таңдаулы ән: Нағыз махаббат мәңгі лаулайды.

    Ишая: Иса патша боп, жұмақ орнайды.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бұл — бәрінен де керемет кітап.

    Оны Ехоба өзі жаздырған.

    Күнде оқы оны, ол үйретед сені.

    Бұл — бәрінен де керемет кітап.