139-ән
Оларды берік тұруға үйретіңдер
-
Құдайым, отарыңды көру —
Біз үшін зор қуаныш.
Әрбірі кеңесіңе зәру,
Оларға бол қорғаныш.
Қайырмасы:
Ұлың арқылы өзіңе
Дұға етіп тұрмыз, Әке!
Шындығыңды тапқан жандар бассын алға,
Берік тұрып әділ жолда.
-
Күн сайын деме деп сұраймыз
Тастамай сын сағатта.
Қол ұшын беруді қалаймыз
Оларға бар уақытта.
Қайырмасы:
Ұлың арқылы өзіңе
Дұға етіп тұрмыз, Әке!
Шындығыңды тапқан жандар бассын алға,
Берік тұрып әділ жолда.
-
Барлығы өзің мен Ұлыңа
Бағынып, сенім артсын.
Ынтамен жүгіріп жарыста,
Өмірді сыйға алсын.
Қайырмасы:
Ұлың арқылы өзіңе
Дұға етіп тұрмыз, Әке!
Шындығыңды тапқан жандар бассын алға,
Берік тұрып әділ жолда.
(Лұқа 6:48; Ел. іс. 5:42; Філіп. 4:1 қараңыз.)