102-ӘН
Әлсіздерге көмектесейік
-
1. Бәріміз пендеміз ғой көп сүрінетін,
Әкеміз бар сонда да бізді сүйетін.
Кең оның пейілі, шексіз ғой мейірі,
Досымыз ол әрқашан көмек беретін.
-
2. Мықты боп көрінсе де, кей бауырластар
Сенімі әлсірейтін кезге тап болар.
Жылы сөздер айтып, жан жарасын жазып,
Қол ұшын үзбей берсек, қуанар олар.
-
3. Әлсіздің жанын ұғып, оны сөкпейік,
Жеңілдесін деп жүгін көтерісейік.
Бойына күш дарып, қалсын бір нығайып,
Ондай жанға әрдайым көмектесейік.
(Ишая 35:3, 4; Қор. 2-х. 11:29; Ғал. 6:2 қараңыз.)