33-ӘН
Уайымыңды Ехобаға арт
(Зәбүр 55)
-
1. Уа, Ехоба, жасырынбай,
Сен маған құлақ түрші.
Ден қойып дұғаларыма,
Жаныма дауа берші.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор сенім артып Құдайға,
Айт оған уайымыңның бәрін.
Жол бермейді құлауына
Ол сендей адал жанның.
-
2. Қанатым болса ғой, шіркін,
Қас жаулардан қашар ем!
Мазақ еткен сөздерінен
Шалғай жаққа ұшар ем.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор сенім артып Құдайға,
Айт оған уайымыңның бәрін.
Жол бермейді құлауына
Ол сендей адал жанның.
-
3. Тыныштық сыйлап жаныма,
Сая болдың, Әкешім.
Зіл батпан жүктен арылтар
Бір өзің жұбанышым.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор сенім артып Құдайға,
Айт оған уайымыңның бәрін.
Жол бермейді құлауына
Ол сендей адал жанның.
(Зәб. 22:5; 31:1—24 қараңыз.)