75-ӘН
“Мен бармын, мені жібер!”
(Ишая 6:8)
-
1. Жұрттар менсінбей Құдайды,
Ұлы есімін қорлайды.
Деп бірі “Зұлым, ол әлсіз!”
“Құдай жоқ!” дейді санасыз.
Оны мадақтайтын кім бар,
Атын оның ақтап шығар?
ҚАЙЫРМАСЫ (1):
“Мені жіберші, мен бармын!
Сені, Ехоба, даңқтайын!
Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,
Мен бармын, мені жібер!”
-
2. “Асықпайды Құдай” дейді,
Қорқу дегенді білмейді.
Бірі мүсінге табынса,
Бірі табынар патшаға.
Кім бар жұртқа дабыл соғар?
Құдай шайқасын кім айтар?
ҚАЙЫРМАСЫ (2):
“Мені жіберші, мен бармын!
Жұртқа батыл хабарлайын!
Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,
Мен бармын, мені жібер!”
-
3. Көп қой бүгінде зұлымдар,
Уайым кешуде момындар.
Іздеп шындықты, сусайды,
Азат өмірді аңсайды.
Момынды шындықта шыңдар,
Кәне, жұбататын кім бар?
ҚАЙЫРМАСЫ (3):
“Мені жіберші, мен бармын!
Ізгі хабарды айтайын!
Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,
Мен бармын, мені жібер!”
(Зәб. 10:4; Езек. 9:4 қараңыз.)