90-ӘН
Бір-бірімізді жігерлендірейік
-
1. Көңіл бөліп бір-бірімізге,
Шындық жолында қолдаймыз.
Болып жұмылған жұдырықтай,
Бірге сенімді шыңдаймыз.
Суық заманда Құдай халқы
Пана болар еш шайқалмас.
Мәңгі шықпайық сол қауымнан
Достық, бірлігі бұзылмас.
-
2. Еңсе түсіп, қамыққан шақта
Жылы сөздер майдай жағар.
Қандай жақсы достың болғаны
Қамқор, сенімді де адал!
Неткен бақыт иық тіресе,
Әлсіз жанға демеу берген,
Қалыс қалмасын деп қатардан,
Жүгін бірге көтеріскен!
-
3. Міне, Ехобаның сот күні
Таяп келед көкжиектен!
Үзбей барсақ кездесулерге,
Берік тұрамыз сенімде.
Құдай халқымен ынтымақта
Мәңгі жүруді қалаймыз.
Мінсіз болып соңына дейін,
Жігер беруден талмаймыз.
(Лұқа 22:32; Ел. іс. 14:21, 22; Ғал. 6:2; Сал. 1-х. 5:14 қараңыз.)