Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

97-ӘН

Құдай Сөзімен өмір сүру

Құдай Сөзімен өмір сүру

(Матай 4:4)

  1. 1. Өмірде күш берер бізге

    Тек нан мен су емес.

    Әр сөзі Құдайдың айтқан —

    Саф алтын тең келмес.

    Шын өмірге батасы мол

    Келеміз бет алып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жүрміз күнде Ехобаның

    Сөзінен нәр алып.

    Шын өмірдің мәнін таптық,

    Бұл не деген бақыт!

  2. 2. Жазбалар бізге паш етті

    Үлгілі жандарды.

    Шын сенім жолында олар

    Нық тұрған, табанды.

    Ізімен олардың салған

    Жүреміз әр уақыт.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жүрміз күнде Ехобаның

    Сөзінен нәр алып.

    Шын өмірдің мәнін таптық,

    Бұл не деген бақыт!

  3. 3. Сын сағат туған кездері

    Жол таппай қалмаймыз.

    Хақ Сөзінен Ехобаның

    Әр күн сусындаймыз.

    Ол тура бағытты сілтеп,

    Сыйлайды даналық.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жүрміз күнде Ехобаның

    Сөзінен нәр алып.

    Шын өмірдің мәнін таптық,

    Бұл не деген бақыт!

(Ешуа 1:8; Рим. 15:4 қараңыз.)