Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехобаны дәріптеңдер

Ехобаны дәріптеңдер

(Зәбүр 96:8)

Жүктеу:

  1. 1. Кім тең келер, уа, Ехоба,

    Бір өзіңе тым асқақ?

    Көп жақсылық сен жасадың,

    Күн сайын қарызым артпақ...

    Көз тастадым көк аспанға

    Зор құдіретке толы.

    Кім едім мен, уа, Ехоба,

    Салатын сен көз қырыңды?

    Қайырмасы:

    Уа, Құдайым, ести көр әнімді,

    Дәріптеймін өзіңді.

    Жаратушым, мәңгі Патшасың сен!

    Отырсың биік тақта,

    Лайықсың бар мадаққа!

  2. 2. Өз қолыңда бар ғұмырым,

    Даңқ әкелсін әр ісім.

    Паш етемін ақ жолыңды,

    Мәлім болсын ізгілігің.

    Бір өзіңе қызмет етіп

    Әр күн жүрсем — зор құрмет.

    Күш-қайратым боп мәңгіге,

    Маған, өтінем, жол көрсет.

    Қайырмасы:

    Уа, Құдайым, ести көр әнімді,

    Дәріптеймін өзіңді.

    Жаратушым, мәңгі Патшасың сен!

    Отырсың биік тақта,

    Лайықсың бар мадаққа!

  3. 3. Күн, ай, жұлдыз жарқыраған,

    Кең дала, алып мұхит

    Тұр тұнып махаббатыңа,

    Көріп шат көңілім толқид(ы).

    Зор даналық ой жетпейтін,

    Көз сүрінер сұлулық

    Паш етіп тұр жаратқаның,

    Аузым мадаққа толды лық.

     Қайырмасы:

    Уа, Құдайым, ести көр әнімді,

    Дәріптеймін өзіңді.

    Жаратушым, мәңгі Патшасың сен!

    Отырсың биік тақта,

    Лайықсың бар мадаққа!

(Зәб. 96:1—10; 148:3, 7 қараңыз.)