Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Батыл да берік бол

Батыл да берік бол

Жүктеу:

  1. 1. Таң сәріден дамыл таппай

    Ана жүрек тулай,

    Бар жүгін артып жалғыз Құдайға,

    Сынбай ешбір жағдайға.

    Қалқан етіп сенімді,

    Басса еңсесін жүк зілді,

    Жадында сайраған өлеңі

    Рухын көтереді:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күш беріп Құдайым, еш тастамайды.

    Әр күн жетелеп, әр күн қолдайды.

    ‘‘Батыл да берік бол’’ дегені есімде,

    ‘‘Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі’’.

    ӨТКЕЛ:

    Күн көру амалы қажытар жанды,

    Төгілер көз жастары.

    Зор уайым басса, жүректегі мұңды

    Сейілтеді достары.

  2. 2. Уақыт жетпес, істер бітпес,

    Әр күн — ауыр белес.

    Нәзік иықта артылған көп жүк бар,

    Мойымай бар күшін салар.

    Дұға айтса, шаршамай,

    Қалықтайды қыран құстай.

    Жадында сайраған өлеңі

    Рухын көтереді:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күш беріп Құдайым, еш тастамайды.

    Әр күн жетелеп, әр күн қолдайды.

    ‘‘Батыл да берік бол’’ дегені есімде,

    ‘‘Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі’’.

    ‘‘Бұл рас, тастамайды, күш беріп үнемі’’.