Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Біз бір отбасымыз

Біз бір отбасымыз

Жүктеу:

  1. 1. Мыңдаған шақырым тастап,

    Кездесуге асықтық біз.

    Кез келген істе қолдаса Әке,

    Тосқауылды жеңеміз.

    Барғанда орасан құрбандыққа,

    Жемісін мол көреміз.

    Толқыған сезіммен, жадыраған жүзбен

    Мақтанып айтамыз:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    ‘‘Бірлігіміз жарасқан

    Халықпыз бір отбасындай.

    Қашықтық маңызды емес,

    Сүйеміз туған бауырдай’’.

  2. 2. Қуаныш, шаттық кернейді

    Бауырластарды құшқанда.

    Біз көптен күткен бұл күн де жетті,

    Дайындадық жүректі.

    Бар мадаққа лайық тек Ехоба,

    Бірлікте халқын жиған.

    Жұмыла әндеткені, Құдайды сүйгені

    Неткен бұл әдемі!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бірлігіміз жарасқан

    Халықпыз бір отбасындай.

    Қашықтық маңызды емес,

    Сүйеміз туған бауырдай.

  3. 3. Ұшақпен, пойыз, көлікпен

    Жолдарын тауып жетуде.

    Жүріс-тұрыспен куәлік еткен

    Бауырластар көп неткен!

    Шын сүйген жандардың арасында

    Сеземіз мол шаттықты.

    Жарасып әңгіме, толқыған жүрекке

    Сыйғандай бар әлем!

    ӨТКЕЛ:

    Дос табамыз

    Жапониядан, Үндістан, Ямайкадан,

    Айналсақ та жер шарын

    Малиден Мексикаға!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бірлігіміз жарасқан

    Халықпыз бір отбасындай.

    Қашықтық маңызды емес,

    Сүйеміз бір отбасындай.

    Ұлт-нәсілге бөлінбей,

    Халықпыз бір отбасындай.

    Бәрін сүйетін Құдайдың

    Халқымыз, мінеки, осындай!

    Фиджи, Таити, Жаңа Каледония,

    Көп қой елдер, жетпес сөзіміз.

    Әзірбайжан, Қазақстан мен Эстония

    Біз үлкен бір отбасымыз.