Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жалғыз емеспін

Жалғыз емеспін

Жүктеу:

  1. 1. Татып ащы дәмін

    Сатқындық дегеннің.

    Жападан жалғыз қалып,

    Зарлап, езілді жүрегім.

    Жоқ қой жанашырым

    Көмек қолын берер,

    Жаншыған ауыр тастан

    Азат етуге кім келер?

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Қасымдасың, Жаратқаным,

    Бір сәтке де тастамадың.

    Жетіп саған айтқан дұғам,

    Жағдайым да айқын саған.

    Ехоба, сен барда

    Қалмаймын жалғыз.

  2. 2. Бәрі бас тартса да,

    Түксіз қалсам да мен,

    Құдайым, бір өзіңе

    Сеніп, әр күн жақын жүрем.

    Сенімімді ақтап,

    Жалғап үмітімді,

    Жанымнан табыласың,

    Білем, тастамайсың мені.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Қасымдасың, Жаратқаным,

    Бір сәтке де тастамадың.

    Жетіп саған әрбір дұғам,

    Жағдайым да айқын саған.

    Ехоба, сен барда

    Қалмаймын жалғыз.

    Жаратқаным,

    Бір сәтке де тастамадың.

    Жетіп саған әрбір дұғам,

    Жағдайым да айқын саған.

    Ехоба, сен барда

    Қалмаймын жалғыз.