Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ой-санаңды сақта

Ой-санаңды сақта

Жүктеу:

  1. 1. Сансыз ойлар мазалайды,

    Ішкі күрес тыншымайды.

    Өзімнің қызметіме

    Көңілім еш толмайды.

    Толғанамын жайсыз түнде,

    Еркіңді орындап жүрмін бе деп.

    Уайым басса, дұғамда

    Ехоба, сенен сұранам.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жақсы ойларға мені бағытта,

    Батып қалмайын қиындықта.

    Жеңілдеймін дұға айтқанда,

    Ақыл-санамда тыныштық орнап.

  2. 2. Қиындықта жалғызсырап,

    Жанды тырнайды үлкен күмән.

    “Лайықсыз сезінгенде”,

    “Дұға ет” дедің, Әке.

    Көтерейін еңсемді мен,

    Ізгі хабармен тағы бөлісем.

    Баталарың көп сенің.

    Ехоба, бердің зор сенім.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жақсы ойларға мені бағытта,

    Батып қалмайын қиындықта.

    Жеңілдеймін дұға айтқанда,

    Ақыл-санамда тыныштық орнап.

    Тыныштық орнап.

    ӨТКЕЛ:

    Өз-өзімді қолға алам,

    Берілмей уайым-қайғыға.

    Мұң меңдесе, келдің көмекке,

    Ехоба, мені бағалайсың шынымен,

    Бағалайсың сен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жақсы ойларға мені бағытта,

    Батып қалмайын қиындықта.

    Жеңілдеймін дұға айтқанда,

    Ақыл-санамда тыныштық орнап.