Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сенімім барда

Сенімім барда

Жүктеу:

  1. 1. Түйінін тарқатты талай сауалдың

    Жазбаға сүйенген бұл жауабың,

    Үміт ескен

    Әр жауабың.

    Уайым бораны теңселтіп келген

    Тыйылып, ғайып болды жүрегімнен.

    Ғайып болды

    Жүрегімнен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Қилы өмір ағымында

    Таусылар амалың.

    Сенімім болар жанға дауа,

    Нұр төгер шырағым,

    Шам-шырағым.

  2. 2. Жүректе бүр жарып оқып-білгенім,

    Айтуды қалады бар көңілім.

    Бөлісуге

    Асық көңілім.

    Сенімнің жалыны лаулайды бойымда,

    Отсыз қалдыру оны жоқ ойымда

    Лаулай берсін

    Ол бойымда.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Қилы өмір ағымында

    Таусылар амалың.

    Сенімім болар жанға дауа,

    Нұр төгер шырағым,

    Шам-шырағым.

    ӨТКЕЛ:

    Өмір райы қалса кенет өзгеріп,

    Жалынайын алдында

    Құдайыма жүз келіп.

    Оның “Жүгіңді мен көтерем,

    Жаныңда тұрып дем берем.

    Сенім арт маған” деген

    Серті өз күшінде.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Қилы өмір ағымында

    Таусылар амалың.

    Сенімім барда жанға дауа

    Сөнбейді шырағым.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Көзім жетті тағы да,

    Жоқ бұған күмәнім,

    Сенімім барда жанға дауа

    Сөнбейді шырағым,

    Шам-шырағым.