Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сөзің мәңгі өшпейді

Сөзің мәңгі өшпейді

Жүктеу:

  1. 1. Аспанға көз қадап

    Алғыс дұғасын арнап

    Жаратқаннан қорыққан

    Ақпейіл адамдар бар болған.

    Білген соң атыңды,

    Тірі Патшалығыңды

    Өсиет қып ұрпаққа

    Жазып кетті олар параққа.

    Жүректерде жалындап

    Саған деген зор махаббат

    Сақтап келді жақұт Сөзіңді

    Паш етіп жұртқа өзіңді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сөзің мәңгі өшпейді

    Тамыры оның тереңде.

    Үкілі үмітім, семсерлі сенімім

    Лаулайды күшімен Сөзіңнің.

  2. 2. Даусыңды естіртпейміз деп

    Жауларың бұлқынды.

    Бірақ сенің үстем үнің

    Қайтадан түлеп жаңғырды.

    Жазбаларыңа құлып салып

    Тұншықтырмақ болған шақта

    Жандарын аямай тұрды ғой мызғымай

    Адал, сенімді достарың.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сенің Сөзің мәңгі өшпейді

    Тамыры оның тереңде.

    Үкілі үмітім, семсерлі сенімім

    Лаулайды күшімен Сөзіңнің.

  3. 3. Атыңнан айналдық, уа, Ехоба,

    Өшпейді ол Сөзіңнен.

    Шырқаймыз ән қылып атыңды мәңгілік

    Бар мадақ лайық өзіңе.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Иә, Сөзің мәңгі өшпейді

    Тамыры оның тереңде.

    Үкілі үмітім, семсерлі сенімім

    Лаулайды күшімен Сөзіңнің.

    Өшпес Сөзіңнің.