Өмір біз аңсаған
Жүктеу:
1. Құстарды тыңдап сайраған,
Аспанға көз тастадың.
Күн ашық, бұлт жоқ қаптаған,
Бір жаңа күнді сен бастадың.
Құшақ жайып қарсы алар,
Көп шығар жақындарың.
Қол созым жерде тұрды-ау,
Өмір біз аңсаған.
2. Үй соқтың жасыл жайлауға,
Басқалар тау басына.
Сарқырап өзен сулары,
Шақырады сені қасына.
Алтын бидай тербеліп,
Алады көздің жауын.
Қол созым жерде тұрды-ау,
Өмір біз аңсаған.
ӨТКЕЛ:
Келді, міне, күткен күн де,
Сайран құрдық дос-жаранмен.
Бар көз жасы сап тыйылды,
Жер жаңарды әрбір таңмен.
3. Жайдары жаз мәңгі орнаған,
Тұр жусан иісі аңқып.
Жаныңда бар жақындарың,
Күледі олар күндей шалқып.
Құдайға алғыс айтамыз,
Сыйлары үшін осы.
Қол созым жерде тұрды-ау,
Өмір біз аңсаған.
ӨТКЕЛ:
Жүзің жанып, жымың қағып,
Құшағыма менің енші.
Көру сені арман еді,
Кел жаныма, ботам, келші.
4. Әне, менмұндалап,
Тұр өмір біз аңсаған.
Бұл Ехобаның уәдесі,
Кепілдік береді ол саған.
Жұмақты ойлап алдағы,
Еңсеміз еш түспесін.
Анадан тұр қол бұлғап,
Шын өмір біз аңсаған.