Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Осы Киелі кітап драмасы үшін Маунт-Ибо студиясына 27 500 кг үгітілген тас түсірілді

САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

2020 жылғы “Әрдайым қуаныңдар!” атты аймақтық конгреске арналған бейнеөнімдер

2020 жылғы “Әрдайым қуаныңдар!” атты аймақтық конгреске арналған бейнеөнімдер

10 ТАМЫЗ, 2020

 Жыл сайынғы аймақтық конгресте шығатын видеолар жүрек қылымызды шертіп, Киелі кітапқа қатысты түсінігімізді молайтады. Биылғы 2020 жылғы “Әрдайым қуаныңдар!” конгресі де осындай әсер қалдырмақ. Бұл конгресте 114 видео болады. Соның 43-і — Басқарушы кеңес пен оның көмекшілерінің баяндамасы. Бұл видеолар жарық көру үшін қанша күш пен қанша қаражат кететіні сіз үшін қызық па?

 Дүниежүзіндегі 900 жуық бауырлас осы бағдарламаны дайындауға көп үлес қосты. Дайындыққа екі жылдан көп уақыт кетті. Бәрін қосқанда, шамамен 100 000 сағаттай жұмсалды. Мысалы, 76 минутқа созылған “Нехемия: “Ехоба сыйлайтын қуаныш — сендер үшін берік қорған” атты Киелі кітап драмасына 70 000 сағат кетті.

 Бұл іске айтарлықтай шығын жұмсалды. Мысалы, жанқияр еріктілерге тұратын үй, жейтін тамақ керек болды. Сондай-ақ техникалық көмек көрсету керек болды, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жұмысты аяқтау үшін ғимараттар керек болды.

 Аудио-видео бөлімінде жұмыс істейтін Джаред Госсман бауырлас былай дейді: “Басқарушы кеңестің Білім беру комитеті біздің видеоларымыздан әртүрлі жерлер мен мәдениет көрінсе екен дейді. Қанша дегенмен, біз дүниежүзілік ұйымбыз ғой. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 11 елдегі 24 топ бірге қызметтесті. Әрине, бұл жобаны іске асыру үшін көп ақша, жақсы жоспар және басшылық қажет болды”.

 Көп видеоларымызға арнайы жабдықтар мен декорация қажет болды. Мысалы, “Нехемия: “Ехоба сыйлайтын қуаныш — сендер үшін берік қорған” драмасын түсіру үшін Паттерсонның жанындағы Маунт-Ибо студиясында арнайы декорациялық орын құрастырылды. Бауырластар оқиғаның тарихи көрінісін сақтап қалғысы келді, бірақ ұйымның ақшасын да үнемдегісі келді. Сөйтіп, бауырластар ежелгі Иерусалимнің қабырғаларына ұқсастырып жеңіл материалдардан қабырға құрастырды. Қаңқасы ағаштан жасалған әр қабырға 6 метр болған. Сосын ағаш тастарға ұқсау үшін оны көбікпен қаптаған. Бұл қабырғаларды басқа да көріністерде қолданып, қаражат үнемделді. Үнемдегеннің өзінде, бір драмаға ғана 100 000-дай АҚШ доллары кетті a.

 Конгресс бағдарламасы қалай дайындалғанын білгендіктен, біздің ризашылығымыз одан сайын арта түсті. Бауырластардың осылай аянбай тер төккенінің арқасында бүкіл жержүзі бойынша Ехобаға мадақ жаудырылуда. Сіздерге donate.pr418.com сайты арқылы не басқа жолдармен дүниежүзілік іске садақа беріп жатқандарыңыз үшін мың да бір алғыс!

a “Нехемия: “Ехоба сыйлайтын қуаныш — сендер үшін берік қорған” драмасына арналған декорация COVID-19 пандемиясына дейін жасалған. Ол кезде әлеуметтік қашықтық талап етілмеді.