Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Anna Moneymaker/Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Ғалымдар “Ақырзаман сағатының” тілін тағы да ілгері жылжытты. Киелі кітапта не делінген?

Ғалымдар “Ақырзаман сағатының” тілін тағы да ілгері жылжытты. Киелі кітапта не делінген?

 2023 жылдың 24 қаңтарында ғалымдар “Ақырзаман сағатының” a тілі түнгі он екіге таяп қалғанын, яғни заманның ақыры өте жақын қалғанын айтты.

  •   “Украинадағы соғыс, ядролық соғыс қаупі, климат дағдарысын ескере келе ғалымдар жаһандық апатты бейнелейтін “Ақырзаман сағатының” тілі сейсенбі күні түнгі он екіге тағы да жақындағанын айтты” (“AFP International Text Wire”).

  •   “Сейсенбі күні “Ақырзаман сағаты” түнгі он екіге 90 секунд қалғанын көрсетті. Бұл деген адамзат ғаламдық апаттың дәл алдында тұр деген сөз” (“ABC News”).

  •   “Халықаралық ғалымдар тобының айтуынша, адамзаттың әрі қарай да тіршілік етуіне бұған дейін болмаған зор қауіп төніп тұр” (“The Guardian“).

 Сонда Жер планетамыз бен бүкіл адамзат жақында жойылып кете ме? Келешегімізді ойлап қорқуымыз керек пе? Бұған қатысты Киелі кітап не дейді?

Бізді алда не күтіп тұр?

 Киелі кітапта “жердің мәңгілік тұратыны” және адамдардың “онда мәңгі бақи өмір сүретіні” айтылған (Уағыздаушы 1:4; Зәбүр 37:29). Демек, адам баласы Жерді жойып жібере алмайды немесе оны өмір сүруге жарамсыз ете алмайды.

 Алайда Киелі кітапта дүниенің соңы келетіні де айтылған. Мысалы, онда “осы дүние өтеді де кетеді” деген сөздер бар (Жоханның 1-хаты 2:17).

Оң көзқарас сақтаңыз

 Киелі жазбалар қазіргі болып жатқан қиындықтарға қарамастан оң көзқарас сақтауға көмектеседі. Қалайша?

 Киелі кітаптан көбірек мәлімет алу үшін, сізді тегін Киелі кітап курсын бастап көруге шақырамыз.

a “Ақырзаман сағаты” дегеніміз — өзіміз жасап шығарып жатқан жойқын технологиялардың кесірінен дүниені жойып жіберуге қаншалықты жақын қалғанымызды көрсететін бейнелі сағат. Бұл сағат бізге қауіпті ескертіп тұрады. Егер жойылудан аман қалғымыз келсе, төніп тұрған қауіппен күресуіміз керек“ (“Bulletin of the Atomic Scientists”).