Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

sinceLF/E+ via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Бейбіт тұрғындарды кім құтқармақ? Киелі кітапта не делінген?

Бейбіт тұрғындарды кім құтқармақ? Киелі кітапта не делінген?

 Біріккен Ұлттар Ұйымы былай деп мәлімдейді:

  •   2023 жылдың 7—23 қазан аралығында Израиль мен Газа арасындағы қанды қақтығыста 6400 адам мерт болды, ал 15 200 адам жарақаттанды. Олардың басым бөлігі — бейбіт тұрғындар. Соғыстың кесірінен жүздеген мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

  •   2023 жылдың 24 қыркүйегіне дейін Ресей мен Украина арасындағы соғыстан Украинаның 9701 бейбіт тұрғыны қаза тапса, 17 748-і жарақат алды.

 Зұлмат соғыстан жапа шегіп жүргендерге Киелі кітап қандай үміт сыйлайды?

Үміттенуге қазықтай негіз бар

 Киелі кітапта Құдайдың “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтататыны” алдын ала айтылған (Зәбүр 46:9). Ол жердегі барлық үкіметтердің орнына өзінің көктегі үкіметін орнатады (Даниял 2:44). Сонда Құдай өз үкіметі, яғни Патшалығы арқылы адамзатты құтқарады.

 Құдай Патшалығының Патшасы Иса Мәсіх не істейтініне назар аударыңыз:

  •   “Патша көмек сұраған жарлы-жақыбайды, Ешбір көмекшісі жоқтар мен бейшараларды да құтқарады. Бейшара мен кедейге жаны ашиды, Жарлылардың өмірін аман сақтайды. Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (Зәбүр 72:12—14).

 Құдай өз Патшалығы арқылы адамзатты соғыс пен қатыгездік әкелген қайғы-қасіреттен толықтай азат етеді.

  •   “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды” (Аян 21:4).

 Жуырда Құдай Патшалығы жер бетінде айтарлықтай өзгерістер жасайды. Киелі кітапта “жақын маңдағы және алыстағы соғыстар туралы еститініміз” баяғыда айтылып кеткен (Матай 24:6). Соғыстар мен басқа да болып жатқан оқиғалар біздің адамдар билеп отырған заманның “соңғы күндерінде” өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейді (Тімөтеге 2-хат 3:1).