Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

fcafotodigital/E+ via Getty Images

Вегандық өмір салты. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Вегандық өмір салты. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

 Дүниежүзі бойынша веганизмге қызығатын адамдардың саны көбейіп жатыр.

  •    “Веганизм деген — жануарларды қанап, оларды тамақ үшін, киім үшін не басқа да мақсатта пайдаланудан барынша бас тартатын өмір салты” (Вегандық қоғам).

 Кейбір адамдар жануарларды қорғағысы келгендіктен ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны, денсаулықтарын жақсарту үшін немесе діни ұстанымдары бойынша вегандық өмір салтына көшіп жатады.

  •    “Көпшіліктің ойынша, веганизм — жай ғана диета емес, бұл — жатқан философия, моральдық таңдау және әлемді жақсартудың бірден-бір жолы” (“Британ энциклопедиясы”).

 Веганизм шынымен де әлемді жақсарта ма? Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?

Жаратушымыздың адамдар мен жануарларға деген көзқарасы

 Киелі кітаптан білетініміздей, Жаратушы Құдайымыз Ехоба a адамдарды жануарлардан жоғары санайды әрі адамға жануарлардың үстінен билік берген (Мұсаның 1-жазбасы 1:27, 28). Сондай-ақ Құдай жануарлардың етін жеуге рұқсат еткен (Мұсаның 1-жазбасы 9:3). Десе де ол жануарларға қатыгездік көрсетуді құптамайды (Нақыл сөздер 12:10).

 Киелі кітапқа сай, ет жеу-жемеу — әркімнің жеке шешімі b. Бұдан біз Құдайдың алдында жақсы не жаман адам болып кетпейміз (Қорынттықтарға 1-хат 8:8). Ешкімнің біреудің тамаққа қатысты қабылдаған шешімін сынға алуына құқығы жоқ (Римдіктерге 14:3).

Жарқын болашаққа бастар жол

 Киелі кітап бір нәрсені айқын етеді: адамдар қандай да бір өмір салтын таңдауымен дүниежүзіндегі проблемаларды шеше алмайды. Себебі көп проблемалардың түбірі саясатпен, экономикамен, қоғаммен байланысты. Ал олардың шешімін ешкім тапқан жоқ. Киелі кітапта былай делінген:

 Тек Жаратушы Құдай ғана әлемдік проблемаларды шешеді. Бұл үшін оның не істейтіні Киелі кітапта бейнелі тілмен былай деп сипатталған:

  •    “Мен жаңа аспан мен жаңа жерді көрдім, себебі бұрынғы аспан мен бұрынғы жер құрып кетіп, теңіз де жоқ болды” (Аян 21:1).

 Құдай “бұрынғы аспанды”, яғни қазіргі үкіметтерді “жаңа аспанмен”, яғни өзінің көктегі үкіметімен ауыстырады. Сол үкімет “бұрынғы жерді”, яғни зұлым адамдарды жойып, “жаңа жердің”, яғни өзінің жүйесін қолдайтындардың үстінен билік етеді.

 Сол көктегі үкімет, яғни Құдай Патшалығы жер бетіне билік еткенде ғана адамдар жануарлармен және қоршаған ортамен толық үйлесімділік табады (Ишая 11:6—9).

a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).

b Киелі кітап бізге: “Қаннан... аулақ болыңдар”,— деп бұйырады (Елшілердің істері 15:28, 29). Бұл қанды ішуді, қаны ағызылмаған етті не қан қосылған тамақтарды жемеу керек дегенді білдіреді.