Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Украинадағы дін мен соғыс. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Украинадағы дін мен соғыс. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 Украинадағы соғысқа және әйгілі діни жетекшілерге қатысты келесі мәліметтерге назар аударыңыз:

  •   “Ресей Православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл Ресейдің шабуылы жайлы бір де бір сөз айтпады... Алайда оның шіркеуі Украинаға қатысты жүйелі түрде үгіт жүргізіп отырды. Осыны пайдаланып, Путин Украинаға қарсы соғысын ақтауға тырысуда” (“Еврообзервер”, 7 наурыз, 2022).

  •   “Патриарх Кирилл Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтап, бұл соғысты күнәмен күресудің бір жолы деді” (“Ассошиэ́йтед Пресс”, 8 наурыз, 2022).

  •   “Украина Православ шіркеуінің басшысы митрополит Епифаний I Ресей басқыншыларына қарсы соғысқа батасын берді. Сондай-ақ ол Ресей сарбаздарын өлтіру күнә болып табылмайды деді” (“Джерузалем пост”, 16 наурыз, 2022).

  •   “Біз [Бүкіл Украиналық шіркеулер мен діни ұйымдар кеңесі (ВСЦиРО)] Украинаның қарулы күштерін және елімізді қорғайтын әркімді қолдаймыз және оларға батамызды береміз. Олар Украинаны басқыншылардан қорғай алсын деп дұға етеміз” (ВСЦиРО a мәлімдемесі, 24 ақпан, 2022).

 Қалай ойлайсыз, Иса Мәсіхке сенеміз дейтін діндер өз мүшелерін соғысқа талпындыру керек пе? Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Дін мен соғыс. Тарихтың айтары

 Тарихтан көретініміздей, діндер бейбітшіліктің жағындамыз дей тұра, көптеген соғыстарды қолдаған, тіпті оларды бастауға себепші болған. Ондаған жылдар бойы Ехоба куәгерлері осындай діни екіжүзділікті әшкерелеп келеді. Бұған қатысты біздің әдебиеттерімізде келесідей мақалалар жарық көрді:

  •  Крест жорықтары. Қасірет әкелген оқиғалар” (ор.) деген мақаладан Құдайдың және Мәсіхтің атын жамылған Рим католик шіркеуі адамдардың жаппай қырылуына кінәлі екенін білесіз.

  •  Африкадағы католик шіркеуі” (ағ.) деген мақалада діннің тайпалар арасындағы соғысты, тіпті геноцидті тоқтата алмағаны жайлы айтылған.

  •  Дін кінәлі ме?” (ор.), “Соғыстардағы діннің рөлі” (ағ.) және “Дін кімнің жағында?” (ағ.) деген мақалаларда Католик, Православ және Протестант шіркеулері көптеген соғыста екі жақты да қолдағандары жайлы жазылған.

Христиан діндері соғысты құптау керек пе?

 Иса былай деп үйреткен: “Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй” (Матай 22:39). “Жауларыңды ұдайы жақсы көріңдер” (Матай 5:44—47).

 Ойланып көріңіз: Діндер өз сенушілерін соғыста адамдарды өлтіруге талпындыра тұра, Исаның “өзгені сүй” деген өсиетін орындаймыз деп айта ала ма? Мұның жауабын білу үшін “Шынайы мәсіхшілер және соғыс” (ағ.), “Жауымызды жақсы көру мүмкін бе?” (ор.) деген мақалаларды оқып көріңіз.

 Иса былай деген: “Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер осы дүниелік болса, қызметшілерім яһудилердің қолына түспеуім үшін күресер еді” (Жохан 18:36). “Қолына семсер алғандардың бәрі семсерден өледі” (Матай 26:47—52).

 Ойланып көріңіз: Мәсіхшілер тіпті Исаны қорғау үшін соғыспаулары керек болған болса, онда олардың басқа себеппен соғысқандары дұрыс па? “Христиан діні мен соғыс үйлесе ме?” (ор.) деген мақаладан ертедегі мәсіхшілердің Исаның өсиеттерін ұстанып, оның ізімен жүргендері жайлы оқып көріңіз.

Соғысты қолдайтын діндермен не болмақ?

 Киелі кітапта Құдайдың Исаға сенеміз деп, бірақ оның тәлімдерін аяқ асты ететін діндерді жек көретіні айтылған (Матай 7:21—23; Титке 1:16).

  •   Киелі кітаптың Аян деген кітабында жазылғандай, Құдай “өлтірілгендердің бәрінің қаны” үшін осындай діндерді жауапты деп санайды (Аян 18:21, 24). Бұның себебін “Ұлы Бабыл деген не?” деп аталатын мақаладан біле аласыз.

  •   Иса айтқандай, нашар жеміс әкелетін ағаш “шабылып, отқа тасталады”. Сол сияқты Құдай мақұлдамайтын діндер де жаман әрекеттері үшін жойылады (Матай 7:15—20). Бұның қалай болатынын “Жалған діндердің ақыры жақын!” (ор.) деген мақаладан оқи аласыз.

Photo credits, left to right: Photo by Sefa Karacan/Anadolu Agency/Getty Images; Maxym Marusenko/NurPhoto via Getty Images

a Сілтеме: ВСЦиРО немесе Бүкіл Украиналық шіркеулер мен діни ұйымдар кеңесіне 15 православ шіркеуі, Грек және Рим католик шіркеуі, Протестанттық және Евангелисттік шіркеулер, сондай-ақ Иудаизм мен Ислам дінінің ұйымдары кіреді.