Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Ел-елде болып жатқан жан ұшырар атыстар. Киелі кітапта не делінген?

Ел-елде болып жатқан жан ұшырар атыстар. Киелі кітапта не делінген?

 2022 жылдың шілде айында дүниежүзі бойынша жан ұшырар қарулы қырғындар орын алды:

  •   “Жапониядағы ең әйгілі саясаткердің (экс-премьер министр Синдзо Абэның) оққа ұшып өлгені бүкіл ел мен дүниені дүр сілкіндірді. Елде қылмыс деңгейі төмен әрі қаруға қатысты заңдар қатал болғандықтан, бұл қастандық төбе шашымызды тік тұрғызды” (“The Japan Times”, 10 шілде, 2022).

  •   “Копенгагендегі сауда орталығында бір кісінің үш адамға оқ атып мерт қылғаны бүкіл Дания елін шошытты” (Reuters, 4 шілде, 2022).

  •   “Оңтүстік Африканың Соуэто қаласындағы кафеде қаруланған бір топ адам қонақтарға оқ жаудырып, 15 адам көз жұмған” (“The Guardian”, 10 шілде, 2022).

  •   “АҚШ-та 4 шілдеден басталған мейрам күндері 220-дан астам адам оққа ұшып өлген” (CBS News, 5 шілде, 2022).

 Мұның бәрі осылай жалғаса бере ме? Бұл жайында Киелі кітапта не делінген?

Атыстарға тоқтам бар

 Киелі кітап біз өмір сүріп жатқан уақытты “соңғы күндер” деп сипаттап, адамдардың қатыгез, жауыз болып кететінін айтқан (Тімөтеге 2-хат 3:1, 3). Осының кесірінен халық үреймен өмір сүріп жатыр (Лұқа 21:11). Десе де Киелі кітап жауыздықтың тамырына балта шабылатынын және адамдардың “тыныштық орнаған жерлерге қоныстанып, қауіпсіз мекендерде және жайбарақаттық орнаған” жерлерде тұратынын уәде етеді (Ишая 32:18). Бұл қалай орындалады?

 Құдай жерді зұлымдардан тазартып, бүкіл қару-жарақты күл-талқан етеді.

  •   “Зұлымдар жер бетінен құрып жоқ болады, Опасыздар түптамырымен жойылады” (Нақыл сөздер 2:22).

  •   “[Құдай] күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады, Садақты сындырып, найзаны да быт-шыт қылады, Соғыс арбаларын отқа жағып құртады” (Зәбүр 46:9).

 Құдай адамдарға тату өмір сүруді үйретеді, осылай зұлымдықтың түпкі себебін жояды.

  •   “Бүкіл киелі тауымда еш қиянат жасалмайды, Ештеңе қиратылмайды. Өйткені теңіздің суға толы болатынындай, Жер беті Ехоба туралы білімге толады” (Ишая 11:9).

  •   Қазірдің өзінде Құдай дүниежүзі бойынша адамдарды қатыгез болмай, “семсерлерінен соқа, найзаларынан орақ соғуға” үйретіп жатыр (Миха 4:3).

 Үрейсіз өмірге қатысты Киелі кітаптың уәдесі жайлы көбірек білгіңіз келсе, “Үрейден азат дүние” (ор.) деген мақаланы оқыңыз.

 Қатыгездіктің түбіне қалай балта шабылатыны жайлы көбірек білгіңіз келсе, “Жер бетінде бейбітшілік орнайды!” (ор.) деген мақаланы оқыңыз.