Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Pawel Gluza/500Px Plus/Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Жабайы жануарлар азайып барады. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Жабайы жануарлар азайып барады. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

 “Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры” 2024 жылдың 9 қазанында адамзаттың жануарларға келтірген залалы жайлы жаға ұстарлық есеп келтірді. Бұл есепте “соңғы 50 жылда (1970—2020) жабайы жануарлардың саны орта есеппен 73 пайызға азайғаны” айтылды. “Жер планетамыздың болашағы қандай болатыны алдағы 5 жылға тікелей байланысты десек, артық айтпаймыз”,— деп ескертеді осы қор.

 Бұл есеп көп адамды шошытты. Біз әсем планетамызды жақсы көреміз және жануарлардың зардап шегіп жатқаны бізді қатты қынжылтады. Бұндай сезімді бойымызға Құдай салған, ол бізге жануарларды қамқорлауды тапсырған (Мұсаның 1-жазбасы 1:27, 28; Нақыл сөздер 12:10).

 “Бізге аманат болған осы жануарларды қорғап қала аламыз ба?” деп уайымдайтын шығарсыз. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Болашаққа үміт

 Қанша тырыссақ та, табиғат әлемін сақтап қалу біздің қолымыздан келмейді. Бірақ қуанышымызға орай, Киелі кітапта Аян 11:18-де Құдайдың “жерді бүлдіргендерді құртатыны” айтылған. Бұл тармақтан екі жайтты түсінеміз:

  1.  1. Құдай жерді құртып жатқандарды тоқтатады, оның толығымен жойылып кетуіне жол бермейді.

  2.  2. Құдай жақын арада бұл іске өзі кіріседі. Өйткені Құдай араласпаса, адамдардың кесірінен жануарлар жойылып кетуге шақ қалып тұр.

 Құдай бұл мәселені қалай шешпек? Ол көктегі үкіметі, яғни Патшалығы арқылы бүкіл жер бетіне билік жүргізбек (Матай 6:10). Бұл үкімет тілалғыш адамдарға білім беріп, жан-жануарларды қамқорлауды үйретеді (Ишая 11:9).