Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Francesco Carta fotografo/Moment via Getty Images

Жалғыздық жайлап жатқан дүние. Киелі кітапта не делінген?

Жалғыздық жайлап жатқан дүние. Киелі кітапта не делінген?

 Дүниежүзі бойынша жақында жүргізілген есепке a сай, әрбір төртінші адам жалғыздық сезінеді.

  •    “Кез келген адам қанша жаста болмасын, қай жерде өмір сүрмесін әлеуметтік оқшаулануға кезігуі мүмкін” (Чидо Мпемба, ДДҰ халықаралық әлеуметтік байланыстар комиссиясының мүшесі).

 Кейбіреулер жалғыздыққа қарт адамдар немесе өзгелерден оқшауланатын адамдар ғана кезігеді деп ойлайды. Бірақ жастар да, денсаулықтары мықты, табысты әрі отбасын құрған адамдар да жалғызсырап жатады.

  •    “Жалғыздық — жаман сезім ғана емес. Күніне 15 темекі шегетін адамға өлім қандай қауіп төндірсе, оқшауланатын адамға да тура сондай қауіп төндіреді” (Вивек Мурти, АҚШ бас хирургы).

Киелі кітапта бұл туралы не делінген?

 Жаратушымыз біздің адамдардан оқшауланғанымызды қаламайды. Ол адамдардың әрдайым бір-бірімен жақсы, қанағат сыйлайтын қарым-қатынаста болғанын қалайды.

  •    Киелі кітап принципі: “Құдай: “Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас”,— деді” (Мұсаның 1-жазбасы 2:18).

 Құдай біздің оған жақын болғанымызды қалайды. Егер біз Құдайға жақындау үшін қадамдар жасайтын болсақ, ол да бізге жақындауды уәде етеді (Жақып 4:8).

  •    Киелі кітап принципі: “Құдайды танып-білгісі келетіндер бақытты, өйткені Көк Патшалығы соларға тиесілі” (Матай 5:3).

 Құдай біздің оған басқалармен бірге ғибадат еткенімізді қалайды. Басқалармен бірге ғибадат етсек, бақыттырақ боламыз.

  •    “Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік... Жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық, қайта, бір-бірімізді жігерлендіре берейік” (Еврейлерге 10:24, 25).

 Жалғыздықпен күресу неге маңызды екенін білу үшін “Байланыс дамыған замандағы жалғыздық дерті” деген мақаланы оқып көріңіз.

a The Global State of Social Connections, by Meta and Gallup, 2023.