Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

mustafahacalaki/DigitalVision Vectors via Getty Images

“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”

Жасанды интеллект: бағымыз ба, сорымыз ба? Киелі кітапта не делінген?

Жасанды интеллект: бағымыз ба, сорымыз ба? Киелі кітапта не делінген?

 Жақында әлем көшбасшылары, ғалымдар мен технологиялық мамандар жасанды интеллектінің (ЖИ) қауқары зор екенін айтып өтті. Алайда оның әлеуеті зор болғанымен, ол адамзаттың бағына емес, сорына айналуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.

  •    “Бүгінде ЖИ — топты жарған ең мықты технологиялық жүйе. Оның адам өмірін едәуір жақсарта алатын әлеуеті бар... Алайда ЖИ адамдардың қауіпсіздігін, азаматтық құқықтары мен жеке тұлғасына қатысты құпиялығын бұзуы мүмкін. Сондай-ақ билік демократиялық жолмен жүргізіледі дегенге қоғамның сенімін шайқалтуы да ғажап емес” (Камала Харрис, АҚШ-тың вице президенті, 4 мамыр, 2023 жыл).

  •    “Жасанды интеллект денсаулық саласындағы түйткілдерді шешіп берсе де, ол адамның тән мен жан саулығына қатты зиян келтіруі мүмкін” (“BMJ Global Health” журналы, 9 мамыр, 2023 жыл a).

  •    “Бүгінгі таңда жалған ақпарат таратушылардың қолында ЖИ мықты құрал болып отыр. Көп ұзамай ЖИ көп адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін екен. Ақпарат технология саласындағы мамандардың айтуынша, ЖИ адамзатқа оңалмастай зиян келтіруі әбден мүмкін” (“Нью-Йорк таймс” газеті, 1 мамыр, 2023 жыл).

 Жасанды интеллект бағымызға, әлде сорымызға айнала ма — мұны уақыт көрсетеді. Ал Киелі кітапта не делінген?

Адамдардың ойлап шығарғандары неге бізді қорқытады?

 Адамдар технологиялық жетістіктер тек кәдемізге жарайтынына кепілдік бере алмайды. Мұның себебі Киелі кітапта жазылған.

  1.  1. Адамдардың ниеті жақсы болса да, олар әрекеттерінің зиянды салдарын алдын ала көре алмайды.

    •    “Адамға тура болып көрінетін жол бар, Бірақ түбінде ол өлімге апарады” (Нақыл сөздер 14:12).

  2.  2. Адам өзі жасап шығарғанын басқалар дұрыс әлде бұрыс қолданатынын қадағалай алмайды.

    •    “Бәрін өзімнен кейінгі адамға қалдырып кетуім керек. Ал ол дана бола ма, ақымақ бола ма — кім біледі? Қалай болған күнде де, ол менің жарық күн астында тер төгіп жүріп, даналықпен тапқанымның бәріне иелік етпек” (Уағыздаушы 2:18, 19).

 Осы екі себепке қарап, бізге Жаратушының ақыл-нұсқауы керек екенін түсінеміз.

Қорықпауға қандай себеп бар?

 Жаратушымыздың уәдесіне сай, адамдардың я олар жасап шығарған технологиялардың кесірінен Жер шарымыз немесе күллі адамзат жойылып кетпейді.

  •    “Жер мәңгілік тұрады” (Уағыздаушы 1:4).

  •    “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29).

 Өз Сөзінде Жаратушымыз жайма-шуақ та мамыражай болашаққа жеткізетін ақыл-кеңестер жазып кеткен. Сол жайлы мына мақалаларда жазылған: “Кемел келешекке кепілдік бар ма?” және “Жарқын болашаққа жарық үміт.”

a “Жасанды интеллектінің адамның денсаулығы мен өміріне тигізер қаупі” деген мақаладан алынған. Бұл мақаланы Фредерик Федершпил басқарған бір топ дәрігер мен денсаулық сақтау саласындағы мамандар дайындаған: Рут Митчелл, Аша Асокан, Карлос Умана және Дэвид Маккой.