Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

E+/taseffski/via Getty Images (Stock photo. Posed by model.)

“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”

Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы неге нашарлап барады? Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы неге нашарлап барады? Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 2023 жыл, 13 ақпан, дүйсенбі күні Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (АҚШ) Құрама Штаттардағы жасөспірімдердің психикалық денсаулығы жайлы есеп берді. Есепке сай, жоғарғы сынып оқушыларының 40 пайыздан астамы үнемі мұңға батып, түңіліп жүреді екен.

 Мектеп оқушыларының денсаулығы мәселесімен айналысатын бөлімнің басшысы психолог Кэтлин Этиер былай деп мәлімдеді: “Жастардың психикалық денсаулығы құрып, ушығып бара жатқаны соңғы 10 жыл бойы байқалып келген. Бірақ жасөспірім қыздардың психикалық күйлері осындай сұмдық деңгейге жеткенін, суицидтік ойлары мен әрекеттерінің мұншалықты көбейіп кеткенін бірінші рет көруіміз”.

 Есепте келтірілген мәлімет бойынша:

  •   Әр 10 жасөспірім қыздың біреуін не одан да көбін (сауалнама жүргізілгендердің 14 пайызын) жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. “Бұл сандардан төбе шашың тік тұрады. Бұл деген — сіз танитын 10 қыздың бірі я одан да көбі зорланған”,— дейді Кэтлин ханым.

  •   Жасөспірім қыздардың әрбір үшіншісі (30 пайызы) өзіне қол жұмсау жайлы шындап ойланған.

  •   Әрбір 5 жасөспірім қыздың үшеуі (57 пайызы) үнемі мұңға батып, түңіліп жүреді.

 Бұл жаға ұстатарлық көрсеткіштер! Жастық шақ жеткіншектердің ойнап-күліп, алаңсыз жүретін кезі ғой. Жасөспірімдерге қазіргі стреске төтеп беруге қандай көмек бар? Бұл орайда Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітаптың жасөспірімдерге көмегі

 Киелі кітап қазіргі заманды “ерекше қиын уақыт” деп сипаттаған (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Алайда онда дүниежүзі бойынша миллиондаған жеткіншекке қиындықтармен күресуге көмектесіп жатқан ақыл-кеңестер бар. Оларды төмендегі мақалалардың сілтемесіне кіріп, оқи аласың.

 Өзіңе қол жұмсау туралы ойласаң

 Депрессия, мұң және уайым мазалағанда

 Мектепте не интернетте бұзақылар тиісіп жүрсе

 Жыныстық қорлық көргенде

Киелі кітаптың ата-аналарға көмегі

 Киелі кітапта жасөспірім балалары бар ата-аналарға арналған кеңестер де жазылған. Сол кеңестердің арқасында балаларыңызға түрлі қиындықтармен күресуге көмектесе аласыз. Оларды төмендегі мақалалардың сілтемесіне кіріп, оқуға болады.