Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Photo by Zhai Yujia/China News Service/VCG via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Жойқын су тасқындары. Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?

Жойқын су тасқындары. Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?

 Дүниежүзі бойынша су тасқындары елдің есін кетіріп жатыр. Жаңалықтар былай дейді:

  •    “Қытайдың астанасында сенбі мен сәрсенбі күндер аралығында түскен жауын-шашын мөлшері 744,8 миллиметрге жетті. Соңғы 140 жылда Қытайда мұндай нөсер жаңбыр жаумаған” (“AP News”, 2 тамыз, 2023 жыл).

  •    “Жапонияның оңтүстігіне “Ханун” тайфуны соққы берді. Жауындап жеткен дауыл екі күннен бері тоқтамай, кем дегенде екі адамның өмірін алып кетті... Дауыл алдағы уақытта Тайваньнің таулы аймақтарында 0,6 метрге дейін жауын-шашын әкеледі деп күтіледі” (“Deutsche Welle”, 3 тамыз, 2023 жыл).

  •    “Демалыс күндері Канаданың Атлант жағалауындағы аймақтарында толассыз жаңбыр жауды. Осыншама күшті жауын соңғы 50 жылда болмаған. Соның кесірінен Жаңа Шотландияны алапат тасқын жайлады” (“BBC News”, 24 шілде, 2023 жыл).

 Мұндай табиғи апаттар жайлы Киелі кітап не дейді?

“Соңғы күндердің” белгісі

 Киелі кітапта біз өмір сүріп жатқан уақыт “соңғы күндер” деп аталған (Тімөтеге 2-хат 3:1). Иса пайғамбар соңғы күндері “қорқынышты нәрселер” немесе адам шошырлық оқиғалар болатынын айтқан (Лұқа 21:11). Климаттың өзгеруінен табиғи апаттар барған сайын жиілеп, барған сайын жойқын болып, адамдарға күтпеген жерден зардабын тигізіп жатыр.

Үміт оты сөнбесін

 Киелі кітапқа сай, қазір жер бетінде болып жатқан жантүршігерлік апаттар — жақсылықтың нышаны. Неге дейсіз ғой? Иса пайғамбар былай деген: “Осылардың болып жатқанын көргенде, Құдай Патшалығының таяп қалғанын білесіңдер” (Лұқа 21:31; Матай 24:3).

 Қазір болып жатқан апаттар Құдай Патшалығы жақын арада табиғат құбылыстарын, оның ішінде су айналымын да, толығымен өз қадағалауына алатынын дәлелдейді (Әйүп 36:27, 28; Зәбүр 107:29).

 Құдай Патшалығы қоршаған ортаны қалай қалпына келтіретінін “Жерді кім құтқарады?” деген мақаладан біле аласыз.