Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

alfa27/stock.adobe.com

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ НАУҚАН

Иса пайғамбар қылмысты тоқтатады

Иса пайғамбар қылмысты тоқтатады

 Иса пайғамбар қылмыс пен әділетсіздіктен жапа шеккен адамдардың күйін жақсы түсінеді. Өйткені кезінде оған да жалған айып тағылған, оны заңсыз соққыға жыққан, әділетсіз соттаған және қинап өлтірген. Еш айыбы болмаса да, ол “көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде берді” (Матай 20:28; Жохан 15:13). Қазір ол Құдай Патшалығының Патшасы және жақын арада бүкіл жер бетіне әділдік орнатып, қылмысты түп-тамырымен жояды (Ишая 42:3).

 Иса пайғамбар жағдайды өз қолына алғанда, өмір қандай болатынын Киелі кітап былай сипаттайды:

  •   “Зұлымдар жоқ болады, Тұрған жерлеріне қарайсың, Бірақ оларды еш таппайсың. Ал момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).

 Иса пайғамбардың біз үшін істеген және алда істейтін жақсылықтары үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Ол ізбасарларына өзін еске алып тұруды айтып кеткен (Лұқа 22:19). Сондықтан Ехоба куәгерлері жыл сайын Иса пайғамбарды еске алады. Сізді де бізбен бірге Иса пайғамбарды еске алуға шақырамыз. Биыл бұл жиын 24 наурыз, жексенбі күні өтеді.

Еске алу кеші өтетін жерді табу