СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Кімге сенім артуға болады? Киелі кітапта не делінген?
Бүгінде көп адамның сенімін ақтамай, көңілін қалдырғандар баршылық. Олардың арасында кімдер бар? Мысалы:
өз мүдделерін халықтың мүддесінен жоғары қойған саяси басшылар
жаңалықтарды шын-өтірігін араластырып жеткізетін Бұқаралық ақпарат құралдары
адамдардың игілігін ойлап жатпайтын ғалымдар
халыққа Құдайды айтып насихаттаудың орнына саяси істерге белсене қатысатын діни жетекшілер.
Бүгінгі таңда адамдар екінің біріне сене бермейді. Бұл орынды-ақ. Бұған қатысты Киелі кітапта мынадай ескерту бар:
“Беделділерге арқа сүйемеңдер, Еш құтқара алмайтын адам баласына да сенім артпаңдар” (Зәбүр 146:3; сілтеме).
Сіз сенім арта алатын тұлға
Киелі кітапта кімге сенім артуға болатыны анық айтылған. Ол — Иса пайғамбар. Ғасырлар бұрын өмір сүрген Иса жақсы адам ғана болмаған. Құдай Исаны “Патша ретінде билік етуге” тағайындады, “оның Патшалығының шегі болмайды” (Лұқа 1:32, 33). Иса — қазір көктен билік етіп жатқан Құдай Патшалығының, яғни үкіметінің, патшасы (Матай 6:10).
Иса пайғамбарға неге сенім арта алатыныңызды мына мақалалардан біле аласыз: “Құдай Патшалығының Патшасы кім?” және “Құдай Патшалығы қандай істер атқаратын болады?”