Оқшаулану кезінде жігеріңіз жасымасын
Үйден шықпай отырғандықтан, жалғызсырап, өзіңізді төрт қабырғаға қамалғандай сезінесіз бе? Мұндай сезімдер Құдай Сөзін жазған адамдарда да болған. Мысалы, Зәбүр кітабынан “үй төбесіндегі жалғыз құс сияқтымын” деген сөздерді оқимыз (Зәбүр 102:7). Білесіз бе, Құдай Сөзінде үйде оқшауланғанда туындайтын қиындықтарды жеңуге қажетті даналық бар.
Құдайға жақын болыңыз
Изоляцияда болсаңыз да Құдайды танып-біліп, оған жақындай берсеңіз, қанағат пен бақыт таба аласыз (Матай 5:3, 6). Бұл орайда келесі мәлімет көздері (ақысыз) үлкен көмек бола алады:
Онлайн Киелі кітап (тура аударылған әрі тілі жеңіл)
Киелі кітаптың негізгі ілімдерін түсіндіретін қысқаша видеолар
“Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” (көпшілікті қызықтыратын сұрақтарға жауап беріледі)
“Сенімін серік еткендер” (ежелде Құдайға зор сенім танытқан ерлер мен әйелдердің оқиғалары)
“Жаратылыс ғажайыптары” (қоршаған әлемнің сұлулығы мен күрделілігіне назар аударатын айдар)
Киелі кітаптың жанға жылу берер сөздерін оқыңыз
Киелі кітаптың төмендегі сөздерінен көп адам жұбаныш тапқан. Оларды бір отырғанда оқи салмаңыз. Үйде отырған уақытты пайдаланып, әр үзіндіге жеке-жеке тоқталыңыз, асықпай ой жүгіртіңіз, білгеніңіз жайында дұға етіңіз (Марқа 1:35).
Дүниеде жамандық не үшін болып жатқанының себебін біліңіз
Жамандық не үшін болып жатқанын және Құдай оларды қалай жоятынын білсеңіз, қиыншылықтарды көтеру оңай болады (Ишая 65:17).
Уайымдай бермеңіз
Төмендегі мақалаларды оқып, кеңестерін қолдансаңыз, изоляциядан болатын стрестен жеңілдейсіз әрі “уайымдауды қоясыз” (Матай 6:25).
Достармен байланысыңызды үзбеңіз
Достар ойымызды жақсы жаққа бұрып, көңілімізді жадыратады. Жақындарымызбен бетпе-бет көрісе алмай қалғанда, олардың демеуіне әсіресе мұқтаж боламыз. Сондықтан видео не аудио-қоңырау арқылы байланысып, бар достарыңызбен қарым-қатынасыңызды бекемдей беріңіз және жаңа достар да табыңыз. Төмендегі мақалалар “нағыз дос” табуға және өзіңізге де “нағыз дос” бола білуге көмектеседі (Нақыл сөздер 17:17).
Көбірек қимылдаңыз
Денені жаттықтыру жайлы Киелі кітапта да айтылады (Тімөтеге 1-хат 4:8). Әсіресе оқшаулану режимі кезінде денені шынықтырып тұрсақ, ой-санамыз бен көңіл күйімізге жақсы әсер етеді. Тіпті үй жағдайында да белсенді қимылдап, жап-жақсы жаттығуға болады.