Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

FPG/The Image Bank via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Армагеддон төніп тұр! Саясаткерлер дабыл қағуда. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Армагеддон төніп тұр! Саясаткерлер дабыл қағуда. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 Дүйсенбі, 10 қазан, 2022 жыл. Ресей Украинаның қалаларын ракетамен жаппай атқылады. Бұған түрткі болған нәрсе — осыған дейін екі күн бұрын Қырым мен Ресейді байланыстыратын көпірде алапат жарылыс болған еді. Осы жағдайдың дәл алдында әлемдік саясаткерлер адамзаттың басына Армагеддон төніп қалуы мүмкін деп ескертті.

  •   “Біз (АҚШ президенті) Кеннеди мен Кариб дағдарысы дәуірінен бері заманақыр-армагеддонға қайтадан маңдай соғып тұрмыз... Менің ойымша, адамдар ядролық қаруды қолданса, бұл әлем үшін нағыз Армагеддон болады” (АҚШ президенті Джо Байден, 6 қазан, 2022).

  •   “Жақында Армагеддон болатынына сенімдімін. Бүкіл планетамызға үлкен қауіп төніп тұр” (Украина президенті Владимир Зеленский, 8 қазан, 2022, Би-Би-Си жаңалықтары. Ядролық қарудың салдары жайлы айтқан сөздері).

 Ядролық қарулардың қолданылуы Армагеддонға ұласа ма? Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Ядролық қарулар Армагеддонға түрткі бола ма?

 Жоқ. “Армагеддон” сөзі Киелі кітапта Аян 16:16-да бір-ақ рет кездеседі. Бұл халықтардың арасындағы соғысты емес, Құдай мен “жержүзінің патшаларының” арасындағы соғысты білдіреді (Аян 16:14). Армагеддон соғысында Құдай адамдардың билігін түптамырымен жояды (Даниял 2:44).

 Армагеддон жайлы көбірек білу үшін Армагеддон соғысы деген не? атты мақаланы оқып көріңіз.

Ядролық соғыс Жер планетамызды жойып жібере ме?

 Жоқ. Адамдар болашақта ядролық қаруларды қолданса да, Құдай Жердің жойылып кетуіне жол бермейді. Киелі кітапта былай делінген:

  •   “Жер мәңгілік тұрады” (Уағыздаушы 1:4).

  •   “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29).

 Алайда Киелі кітап пайғамбарлықтарынан және дүниедегі жағдайлардан көрінетіндей, біз адамзат тарихының шешуші кезеңінде өмір сүрудеміз (Матай 24:3—7; Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Киелі кітапта болашағымыз жайлы не айтылғанын тегін Киелі кітап курсымыздан біліңіз.