СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Саясаткерлер халықтың сенімін жоғалтты. Киелі кітапта не делінген?
2024 жыл сайлау өткізу жағынан рекорд орнатпақ. Алайда көп адам саясаткерлерге сенуге болмайды деп ойлайды.
Жүргізілген бір сауалнамада американдықтардың көбісі “саятсаткерлердің басым бөлігі халыққа қызмет еткісі келмейді, қайта өз қара бастарын ойлайды a” деді (19 қыркүйек, 2023, “Pew Research Center”).
Көптеген жастар да саясаткерлерге сенім артпайды.
“Қазіргі таңда жастар дүниеде болып жатқан проблемаларға бейжай қарамайды, сол проблемалардың шешімін тапқысы келеді. Бірақ олардың айтуынша, саясаткерлер бұл ретте еш нәрсе істей алмай жатыр” (29 қаңтар, 2024, “The New York Times”).
“Бір сауалнамаға сай, қазіргі заманның жастары саясаткерлерден гөрі ютуберлерге көбірек сенім артады” (22 қаңтар, 2024, “The Korea Times, January”).
Саясаткерлер болашағымызды жарқын ететініне сенуге бола ма? Кімге сенім артуға болады?
Әркімге сене бермеңіз
Адамдар қазір біреуге сенім артпас бұрын мың ойланады. Бұлай еткендері өте дұрыс. Себебі Киелі кітапта: “Аңғал әрбір сөзге сенеді, Парасатты әр қадамын ойлап басады”,— делінген (Нақыл сөздер 14:15).
Ақпараттың шын-өтірігін анықтауға қатысты пайдалы кеңестерді “Жалған ақпараттан сақ болыңыз” деген мақаладан таба аласыз.
Бұған қоса тіпті ең шыншыл, ниеті түзу саясаткерлердің қолдарынан барлық нәрсе келмейді. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Киелі кітапта былай делінген:
“Бекзадаларға арқа сүйемеңдер, Еш құтқара алмайтын адам баласына да сенім артпаңдар” (Зәбүр 146:3).
Сіз сенім арта алатын лидер
Киелі кітапта айтылғандай, Құдайдың өзі ең қабілетті әрі толық сенім артуға болатын лидерді тағайындаған. Ол — Иса Мәсіх ( Лұқа 1:32, 33). Иса — Құдай Патшалығының Патшасы. Бұл Патшалық көктен билік етеді (Матай 6:10).
Неге Исаға сенім арта алатынымызды және ол дүниедегі проблемаларды қалай шешетінін “Құдай Патшалығының Патшасы кім?” және “Құдай Патшалығы қандай істер атқаратын болады?” деген мақалалардан оқып біліңіз.
a Pew Research Center, “Americans’ Dismal Views of the Nation’s Politics”, қыркүйек, 2023.