Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Rui Almeida Fotografia/Moment via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Саяси зорлық-зомбылық. Киелі кітапта не делінген?

Саяси зорлық-зомбылық. Киелі кітапта не делінген?

 Жер-жерлерде саяси зорлық-зомбылық пен толқулар орын алып, адамдардың үрейін ұшыруда.

  •   2023—2024 жылғы сайлау науқанында Мексикада бұрын-соңды болмаған саяси зорлық-зомбылық орын алып, 39 үміткер қастандықтан көз жұмды.

  •   Соңғы кездері Еуропа саяси зорлық-зомбылықтан көз ашпай келеді. Мысалы, 2024 жылдың 15 мамырында Словакияның премьер-министріне қастандық жасалды.

  •   2024 жылдың 13 шілдесінде АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп оққа ұшырап, америкалықтарды дүр сілкіндірді.

 Неге саяси зорлық-зомбылық көбейіп кетті? Мұндай жағдайлардың соңы бола ма? Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Саясаттың жік-жікке бөлінетіні алдын ала айтылған

 Киелі кітапта біздің күндерімізде, яғни “соңғы күндері” көп адамның қатыгездікке, алауыздыққа әкеп соғатын мінез-құлық танытатыны айтылған.

  •   “Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар... алғысты білмейтін, опасыз.., ымыраға келмейтін.., қатыгез.., сатқын, қиқар, өркөкірек... болады” (Тімөтеге 2-хат 3:1—4).

 Сондай-ақ Киелі кітапта соңғы күндері көтерілістер мен саяси толқулардың белең алатыны да айтылып кеткен (Лұқа 21:9). Алайда саяси зорлық-зомбылық пен жікке бөлінушілік мәңгі жалғаса бермейді.

Саяси зорлық-зомбылықтың соңы келеді

 Киелі кітапта Құдай Тағала барлық үкіметтерді жойып, көктен билік ететін өз үкіметін орнататыны айтылған.

  •   “Көктегі Құдай... патшалық орнатады. Ол [басқа] патшалықтардың бәрін қиратып, өзі мәңгі тұрады” (Даниял 2:44).

 Құдай Патшалығы халықтарды біріктіріп, бүкіл жер бетін тыныштық жайлаған мекенге айналдырады.

  •   Оның билеушісі Иса Мәсіх “Тыныштық бекзадасы” деп аталатын болады. Ол “мәңгілік бойы тыныштық орнауына” қам жасайды (Ишая 9:6, 7).

  •   Оның қол астындағылар қазірдің өзінде ынтымақ-бірлікте өмір сүруді үйреніп жүр. Ал болашақта “Олар семсерлерінен соқа, Найзаларынан орақ соғады. Халық халыққа қарсы енді қайтып семсер көтермейді, Олар соғысуды да үйренбейді” (Ишая 2:3, 4).

 Көбірек білгіңіз келсе, “Құдай Патшалығы қандай игілік әкеледі?” деген мақаланы оқыңыз және “Құдай Патшалығы деген не?” атты видеоны көріп шығыңыз.