Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

hadynyah/E+ via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Жаһандық азық-түлік тапшылығы. Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?

Жаһандық азық-түлік тапшылығы. Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?

 Украинадағы соғыс бар, климаттың өзгеруі бар, не керек, дүниежүзіндегі азық-түліктің ахуалы мәз емес. Әсіресе дамып жатқан елдерде азық-түлік мәселесі тұралап тұр.

  •   “Қақтығыс, климаттың өзгеруі және мұнай өнімдерінің құнының шарықтауы мен басқа да факторлардың кесірінен тамақ өндірісі ақсаңдап, азық-түлік дағдарысы ушығып тұр”,— дейді БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш (17 шілде, 2023 жыл).

  •   “Эксперттердің болжамдауынша, Ресейдің дәнді дақылдарды экспорттау келісімшартынан шығып кетуіне байланысты жаһандық азық-түлік мәселесінің өзектілігі артпаса, кемімек емес. Бұл әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс сияқты кедей елдердегі тамақ мәселесін одан сайын қиындатайын деп тұр” (Atalayar.com, 23 шілде, 2023 жыл).

 Азық-түлік дағдарысы туралы Киелі кітапта не айтылғаны мен алдағы күннен не күтуге болатынын оқып көріңіз.

Азық-түлік тапшылығы болатыны алдын ала айтылған

  •   Иса пайғамбар: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, түрлі жерлерде ашаршылық... болады”,— деп пайғамбарлық еткен (Матай 24:7).

  •   Киелі кітаптың Аян кітабында төрт салт атты туралы айтылған. Салт аттылардың біреуі соғысты білдіреді. Ал содан кейін шығатын салт атты аштықты, яғни азық-түлік жетіспеушілігі мен оның бағасы аспандап кететінін бейнелейді. Ол Киелі кітапта былай деп сипатталған: “Қарасам, алдымда қара ат тұр екен. Үстіндегі салт атты қолына таразы ұстапты. Сонда мен нөкерлер жағынан шыққан: “Бір күндік еңбекақыға тек бір қадақ бидай немесе үш қадақ арпа ғана берілмек”,— деген дауысты естідім” (Аян 6:5, 6, “Жаңа өмір” баспасы).

 Осы пайғамбарлық сөздер бүгінде орындалып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күндер Киелі кітапта “соңғы күндер” деп аталады (Тімөтеге 2-хат 3:1). “Соңғы күндер” мен төрт салт атты жайлы толығырақ білу үшін “1914 жылдан бастап әлем өзгерді” деген видеоны қараңыз және “Атқа қонған төртеу: ол кімдер?” деген мақаланы оқыңыз.

Киелі кітаптың көмегі

  •   Киелі кітапта азық-түлік бағасы өскенде және тамақ тапшылығы болғанда күн көруге қатысты тиімді кеңестер бар. Сол кеңестердің кейбірін “Азға қанағат ету” деген мақаладан таба аласыз.

  •   Киелі кітапта келер күннен жақсылық күте алатынымыз айтылған. Онда “жер бетіне астық мол шығатыны” және әркім тойына ішіп-жейтіні айтылған (Зәбүр 72:16). Осы кемел келешек жайлы көбірек білгіңіз келсе, “Жарқын болашаққа жарық үміт” деген мақаланы оқып көріңіз.