Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Kim Steele/The Image Bank via Getty Images

Экономикалық дағдарыс. Құдай Патшалығы не істейді?

Экономикалық дағдарыс. Құдай Патшалығы не істейді?

 Қазір көп адам күнін әрең көріп жүр. Қарапайым халыққа қара нанын тауып жеудің өзі күн сайын қиындап барады.

  •    Жақында дүниежүзі бойынша жүргізілген бір есепке сай a, “адамдардың тапқан табысы түкке де жетпей отыр”. Егер бұлай жалғаса берсе, “байлар байыған үстіне байып, кедейлердің қатары қалыңдай береді. Адамдардың да өмір сүру деңгейі төмендеп кетеді”.

 Осы жаһандық дағдарыс мәселесін шешу, тым болмағанда жағдайды жақсарту үкіметтердің қолдарынан келе ме?

 Киелі кітапта экономикалық дағдарыс мәселесін, тіпті теңсіздік мәселесін де шешетін үкімет жайлы айтылады. Онда: “Көктегі Құдай... патшалық орнатады”,— делінген. Бұл Патшалық жер бетіндегі кез келген мәселені реттей алады (Даниял 2:44). Оның билігі кезінде ешбір адам шет қалмайды (Зәбүр 9:18). Азаматтары бақытты болу үшін бұл үкімет бар жағдайды жасайды. Халық еңбектерінің рақатын көретін болады (Ишая 65:21, 22).

a International Labour Organization Global Wage Report 2022-23