Қоршаған ортаның ластануы. Құдай Патшалығы не істейді?
“Ауа-райының күрт өзгеріп жатқаны адамдарға, қалалар мен экожүйемізге қауіп төндіріп отыр. Дүниежүзі бойынша жойқын дауылдардың кесірінен үйлер қирап, адамдардың күнкөріс қамы қиындап барады. Жаһандық жылыну мұхиттың экожүйесін бұзып, соның салдарынан ондағы тыныс-тіршілік жойылып кетуі мүмкін” (Ингер Андерсен, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Бас хатшысының орынбасары, 25 шілде, 2023 жыл).
Үкіметтер бар күштерін жұмылдырып, осы жаһандық мәселені шеше ала ма? Бұл проблеманы біржолата шешу мүмкін бе?
Киелі кітапта қоршаған ортаның барлық проблемаларын шеше алатын әрі міндетті түрде шешетін үкімет жайлы айтылған. Бүкіл жер бетіне билік жүргізіп, барлық проблемаларды шешетін бұл үкімет жайлы Киелі кітапта былай делінген: “Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44). Сол үкіметтің билігінің астында “еш қиянат жасалмайды, ештеңе қиратылмайды” (Ишая 11:9).