Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

id-work/​DigitalVision Vectors via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Әлемді жеккөрушілік жайлап барады. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Әлемді жеккөрушілік жайлап барады. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

 Соңғы кездері жаңалықтардан жеккөрушілікке бой алдырған адамдардың сөздері мен әрекеттері жайлы жиі көріп-естіп жүрміз. Болып жатқан соғыстар, өзгелерді ұлтына бола не басқа себептермен жақтырмау жеккөрушілікке түрткі болып отыр.

  •   “Газа мен Израиль арасында болып жатқан қақтығыс пен экстремисттердің айдауы отқа май құйып, әлеуметтік желідегі жеккөрушілікті өршітіп жатыр” (“Нью-Йорк таймс” газеті, 15 қараша, 2023 жыл).

  •   “Адамдар өзгелерді жек көретінін сөздерімен, ауыр қылмысқа баруымен көрсетіп жатыр. Ал 7-қазаннан бастап бұндай әрекеттер күрт өсіп кетті” (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис, 3 қараша, 2023 жыл).

 Жеккөрушілік, зорлық-зомбылық пен соғыс бұрында да болған. Соғысқұмар болған, зорлық-зомбылық жасаған адамдар Киелі кітапта “уытты сөздерін садақтай көздеген” адамдар деп сипатталған (Зәбүр 64:3; 120:7; 140:1). Бірақ бүгінде болып жатқан жеккөрушіліктің орны бөлек.

Жеккөрушілік — соңғы күндердің белгісі

 Киелі кітапта бүгінгі таңда жеккөрушіліктің кең етек жаюының екі себебі жазылған:

  1.  1. Киелі кітапта “көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кететін” заман болатыны алдын ала айтылған (Матай 24:12). Сол пайғамбарлыққа сай, адамдардың басым бөлігі бір-бірін жақсы көрудің орнына жеккөрушілікке итермелейтін мінез-құлық танытатын болады (Тімөтеге 2-хат 3:1—5).

  2.  2. Киелі кітапта: “Бүкіл дүние Шайтанның билігінде”,— делінген (Жоханның 1-хаты 5:19; Аян 12:9, 12). Дүниені билеп отырған зұлым әрі қатыгез Ібіліс Шайтанның ықпалынан адамдардың арасында жеккөрушілік өршіп кеткен.

 Киелі кітаптан жеккөрушіліктің себептерін ғана емес, Құдайдың оларды жақын арада жоятынын да білеміз. Бұған қоса, Құдай жеккөрушіліктің кесірінен болған барлық қайғы-қасіретті жоқ қылады. Киелі кітапта мынадай уәде бар:

  •   “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды” (Аян 21:4).