Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Manuel Reino Berengui/DeFodi Images via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Әлем чемпионаты адамдарды біріктіре ме? Киелі кітапта не делінген?

Әлем чемпионаты адамдарды біріктіре ме? Киелі кітапта не делінген?

 2022 жылдың 20 қарашасы мен 18 желтоқсан аралығында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатын төрткіл дүниеде шамамен бес миллиард адам тамашалауда. Көпшіліктің ойынша, осындай спорттық жарыстар тек адамдардың басын қосып қана қоймай, одан көбірек жетістіктерге жеткізе алады.

  •   “Спорт әлемді өзгерте алады. Ол адамды қанаттандырады, шабыт сыйлайды. Ол сияқты адамдарды біріктіретін дүние кемде-кем” (Нельсон Мандела, Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті).

  •   “Футбол адамдардың бойында үміт отын жағады, қуаныш сыйлайды, қанын қыздырады. Адамдарды достастырып, ауызбірлігін күшейтеді” (Джанни Инфантино, FIFA a президенті).

 Әлем чемпионаты мен басқа да спорттық жарыстар осындай ұлы мақсаттарға қол жеткізе ала ма? Бейбітшілік пен тыныштықтың арқауы неде?

Адамдарды біріктіретіні рас па?

 Бұл жылғы ала доп додасы жай ғана ойынмен шектелмей, біраз мәселенің басын көтерді. Атап айтқанда, адам құқықтары, расизм, экономикалық теңсіздік сияқты әлеуметтік және саяси мәселелерді.

 Әлем чемпионаты сияқты халықаралық спорттық шаралар көрермендердің басым бөлігіне жақсы көңіл-күй сыйлайтыны рас. Бірақ адамдар қанша жерден қаласа да, бұндай шаралар нағыз бірлікке қол жеткізбейді. Қайта, бұл жиі жікке бөлінушілік туғызып, “соңғы күндердің” адамдарына тән мінез-құлық танытылуына әсер етеді (Тімөтеге 2-хат 3:1—5).

Ынтымаққа үндер нағыз үміт

 Киелі кітап бүкіл дүниеде ынтымақ-бірлік орнайтынына нағыз үміт береді. Онда уәде етілгендей, күллі адамзат “Құдай Патшалығы” деп аталатын көктегі үкіметтің қол астында бейбітшілікте өмір сүреді (Лұқа 4:43; Матай 6:10).

 Осы Патшалықтың Патшасы Иса Мәсіх дүниенің әрбір бұрышында ынтымақ-бірлік болуын қамдайды. Киелі кітапта былай делінген:

  •   “Оның заманында әділ жан өркендейді,.. шартарапта тыныштық болады” (Зәбүр 72:7).

  •   “Ешбір көмекшісі жоқтар мен бейшараларды да құтқарады... Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (Зәбүр 72:12, 14).

 Тіпті бүгіннің өзінде Иса пайғамбардың тәлімдері 239 елде тұратын миллиондаған адамның басын біріктірген. Олар жеккөрушіліктен арылып, татулыққа үйренген. Көбірек білу үшін “Жеккөрушіліктің шеңберінен шыға аламыз!” журналындағы мақалаларды оқыңыз.

a Fédération Internationale de Football Association (Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы).