Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Sean Gladwell/Moment via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Дүниежүзі бойынша әскери шығын 2 триллион доллардан асып жығылды. Киелі кітапта не делінген?

Дүниежүзі бойынша әскери шығын 2 триллион доллардан асып жығылды. Киелі кітапта не делінген?

 2022 жылы әлемдегі әскери шығын 2,24 триллион АҚШ долларынан асып кетті. Бұған түрткі болған негізгі жайт — Ресейдің Украинаға басып кіруі. Стокгольмдегі Халықаралық Бейбітшілік Институтының 2023 жылы сәуір айында жариялаған есебіне сай:

  •   Еуропа елдерінің әскери шығындары “бір жылда 13 пайызға өсті, бұндай өсім Қырғиқабақ соғыстан бері болмаған”.

  •   “Ресейдің... шығыны 9,2 пайызға артып, қаруландыруға көп қаражат жұмсайтын елдердің ішінде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріліп кетті”.

  •   Көп шығын жұмсайтындардың ішінде АҚШ бірінші орынды бермей келеді, “дүниежүзілік әскери шығынның 39 пайызы осы елдікі”.

 “Соңғы жылдары әскери шығынның құлаштап өсіп жатқаны — өте қауіпті заманда өмір сүріп жатқанымыздың бірден-бір көрсеткіші”,— дейді жоғарыдағы есептің авторларының бірі доктор Нан Тян.

 Қазіргі замандағы әлемдік ірі мемлекеттердің арасындағы текетірес ушыға түсетіні Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен. Алайда тыныш заман орнайтынына үміт бар.

Әскери текетірес өршитіні алдын ала айтылып кеткен

  •   Қазіргі заман Киелі кітапта “ақырғы уақыт” деп аталады (Даниял 8:19).

  •   Даниял пайғамбар “ақырғы уақытта” өзара бақталасатын ірі мемлекеттер болатынын алдын ала айтқан. Олар бір-бірімен “текетіреседі” , яғни әлемдік көшбасшы болуға жанталасады. Сол үшін бар “қазыналарын”, яғни қаржыларын аямай құяды (Даниял 11:40, 42, 43).

 Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен осы жағдайлар жайында толығырақ білу үшін “Даниял кітабының 11-тарауындағы орындалған пайғамбарлық” видеосын қараңыз.

Нағыз бейбітшілік орнай ма?

  •   Киелі кітапта көктегі Құдай жердегі үкіметтерді орындарынан алып тастайтыны айтылған. Сосын ол “ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады. Бұл патшалық басқа халықтың қолына өтпейді. Ол сол патшалықтардың бәрін қиратып, өзі мәңгі тұрады” (Даниял 2:44).

  •   Жуырда Ехоба a Құдай адамдар қол жеткізе алмаған бейбітшілікті өзі орнатады. Қалай дейсіз бе? Оның көктегі үкіметі жер бетін барлық зұлымдық пен қару-жарақ атаулыдан тазартады (Зәбүр 46:8, 9).

 Құдайдың үкіметі тағы не істейтінін білгіңіз келсе, “Құдай Патшалығының тұсында шартарапта тыныштық болады” деген мақаланы оқыңыз.

a Ехоба — Құдайдың дара есімі (Зәбүр 83:18).