Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Surasak Suwanmake/Moment via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

2023-тің жазы жер жаһанды жандырып жатыр. Киелі кітапта не делінген?

2023-тің жазы жер жаһанды жандырып жатыр. Киелі кітапта не делінген?

 Әлемді жайлаған аптап ыстық пен оның кесірі адамдарды әбден әбігерге салды. Жаңалықтарда не делінгеніне назар аударыңыз:

  •   “Маусым айы ми қайнатардай ыстық болды. 174 жылдан бері бұндай ыстық тіркелмеген” (“National Oceanic and Atmospheric Administration, U.S. Department of Commerce”, 13 шілде, 2023 жыл).

  •   “Италия, Испания, Франция, Германия мен Польшада күн қатты ысып жатыр. Сицилия мен Сардиния аралдарында сынап бағанасы 48°C-қа дейін жетеді деп күтілуде. Бұған дейін Еуропада мұндай ыстық болмаған” (“European Space Agency”, 13 шілде, 2023 жыл).

  •   “Жаһандық жылынудың салдарынан жауын-шашын көп әрі жиі түсіп, бұл өз кезегінде жойқын су тасқындарына әкеп соғайын деп тұр” (Стефан Уленбрук, Дүниежүзілік метеорология ұйымының гидрология, су және криосфера саласының маманы, 17 шілде, 2023 жыл).

 Осындай жаңалықтар сізді уайымдатады ма? Осы өзекті тақырыпқа қатысты Киелі кітапта не делінгенін көрейік.

Климаттың өзгеретіні Киелі кітапта алдын ала айтылған ба?

 Иә. Киелі кітапта біздің заманымыздың қандай болатыны алдын ала айтылып кеткен. Орын алып жатқан жаһандық жылыну мен басқа да климаттық өзгерістер сол айтылғандарға сай келеді. Мысалы, Иса пайғамбар соңғы күндері адамдар “қорқынышты нәрселер” көретінін айтқан (Лұқа 21:11). Көп адам ауа температурасының аса жоғарылауынан Жер шары тіршілікке жарамсыз болып қалады деп уайымдауда.

Жер шары тіршілікке жарамсыз болып қала ма?

 Жоқ. Құдай жерді адамзат мәңгі мекен етсін деп жаратқан, ол адамдардың жерді жойып жіберуіне ешқашан жол бермейді (Зәбүр 115:16; Уағыздаушы 1:4). Қайта, жерді бүлдіргендерді құртып жіберемін деп уәде етеді (Аян 11:18).

 Киелі кітаптан білетініміздей, Жерді қорғау Құдайдың қолынан келеді әрі ол оны қорғап қалады да.

  •   “[Құдай] дауылды басып, Теңіз толқындарын да тыныштандырады” (Зәбүр 107:29). Құдай табиғат күштерін бағындыра алады. Ол климаттың күрт өзгеруінен болып жатқан проблемалардың барлығын түзей алады.

  •   “Сен жердің қамын жасайсың, Оның өнімін мол қыласың, байытасың” (Зәбүр 65:9). Құдайдың жарылқауымен жер беті жұмаққа айналады.

 Бүлінген қоршаған ортаны Құдай қалпына келтіретіні жайлы көбірек білу үшін “Жерді кім құтқарады?” деген мақаланы қараңыз.