Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Учаскедегі адамдардың бәрін Еске алу кешіне шақырайық!

Учаскедегі адамдардың бәрін Еске алу кешіне шақырайық!

27 ақпаннан басталатын науқанда Исаның өлімін бізбен бірге еске алуға мүмкіндігінше көп адамды шақырғымыз келеді. Адам азғана қызығушылық танытса да, онымен әрі қарай байланысуға тырысуымыз керек.

АДАМНЫҢ КӨҢІЛІН АУДАРАР ЖАЙТТАР

ҰСЫНЫСЫҢДЫ АЙТ

“Сізді бір маңызды жиынға шақырайық деген едік. 23 наурызда жержүзі бойынша миллиондаған адам Иса пайғамбарды еске алу үшін және оның өлімінің біз үшін қандай мәні бар екені жайлы баяндаманы тыңдауға жиналады. Бұл шақыру қағазында осы жиынның өтетін жері мен уақыты көрсетілген. Келсеңіз, өте қуанышты болар едік”.

Егер адам қызығушылық танытса...

  • “КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНА” НАЗАР АУДАР

    Қайта баруға негіз қала.

  • ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ЖАЙЛЫ БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРСЕТ

    Қайта баруға негіз қала.

Қайта барғанда былай етуге болады:

  • “КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУДЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРСЕТ

    Сосын Киелі кітапты арнайы әдебиетпен зерттеуді ұсын.

  • “КИЕЛІ КІТАП ШЫН МӘНІНДЕ НЕГЕ ҮЙРЕТЕДІ?” КІТАБЫН КӨРСЕТ

    Осы кітаптың 206—208 беттеріндегі мәліметті қолдана отырып, Еске алу кеші туралы көбірек айтып бер. Сосын кітапты оқуды ұсын.

  • “ҚҰДАЙДЫ ТЫҢДАҢЫЗ” КІТАПШАСЫН КӨРСЕТ

    Осы кітапшаның 18, 19-беттеріндегі мәліметті қолдана отырып, Мәсіхтің өлімінің адамзат үшін қандай мәні бар екенін талқыла. Сосын кітапшаны оқуды ұсын.