МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Балаларыңызға Жаратушыға деген берік сенім дамытуға көмектесіңіз
Жаратылыс Ехобаның даңқын жариялайды (Зб 19:1—4; 139:14). Алайда Шайтанның дүниесі тіршіліктің пайда болуына қатысты Құдайды қорлайтын теорияларды алға тартады (Рм 1:18—25). Балаларыңыздың ой-санасының осындай ілімдермен улануына жол бермеу үшін не істей аласыз? Бұл үшін кішкентай кездерінен Ехобаның бар екеніне әрі олардың қамын ойлайтынына көздерін жеткізіңіз (Қ2х 10:4, 5; Еф 6:16). Мектепте үйренгендері туралы шын мәнінде не ойлайтынын біліп алыңыз, сөйтіп, жүректеріне жол табу үшін қолда бар көптеген құралдарды қолданыңыз (Н.с 20:5; Жқ 1:19).
“ҚҰРДАСТАРЫҢ НЕ ДЕЙДІ? ҚҰДАЙҒА СЕНУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
Құдайға сену жайлы қандай жаңсақ пікір кең тараған?
Сенің мектебіңде қалай деп үйретеді?
Ехобаның бар екеніне сенің көзіңді не жеткізеді?
Бәрін Құдай жаратқанын біреуге дәлелдеу үшін онымен қалай ой жүгіртсең болады?