Мәсіх біз үшін қасірет шекті
“Жұрт менсінбеді, одан қашқақтады... Біз оны Құдай жазалап, қинап, жапа шектіріп жатыр деп ойладық”
-
Жұрт Исаны менсінбеді және Құдайды қорлады деп айыптады. Кейбірі Құдай оны жазалап жатыр деп ойлады.
“Ол Ехобаның еркі бойынша қасірет шекті... сол арқылы Ехобаның еркі жүзеге асады”
-
Ұлының өлімге ұшырағанын көргенде, Ехоба сөзсіз қасірет шекті. Бірақ Исаның кіршіксіз адалдығына ол қатты риза болды. Оның өлімі Құдай қызметшілерінің адалдығына шек келтірген Шайтанның дауына жауап болды әрі күнәсіна өкінетін адамдарға игілік сыйлады. Осы арқылы “Ехобаның еркі” жүзеге асты.