Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Әдебиеттерімізді парасаттылықпен қолданайық

Әдебиеттерімізді парасаттылықпен қолданайық

Иса былай деп үйреткен: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер” (Мт 10:8). Біз осы анық нұсқауға құлақ асып, адамдардан Киелі кітап не оған негізделген әдебиеттеріміз үшін ақы сұрамаймыз (Қ2х 2:17). Әйткенмен бұл басылымдарымызда Құдай Сөзіндегі баға жетпес шындықтар жазылған. Оларды басып шығару үшін және төрткіл дүниедегі қауымдарға тасымалдау үшін көп тер төгіліп, көп шығын кетеді. Сол себептен біз өзімізге қажетті әдебиетті ғана алуымыз керек.

Адамдарға әдебиет ұсынғанда, тіпті көпшілік орындарда уағыздағанда да, парасаттылық танытқанымыз жөн (Мт 7:6). Өткіншілердің қолына әдебиетті құр ұстата салмай, қызығушылығы бар-жоғын білу үшін әңгімелесуге тырысыңыз. Осында көрсетілген қоршаудағы сұрақтардың, кем дегенде, біреуіне “иә” деп жауап бере аласыз ба? Адамның ықыласын білу мүмкін болмаса, оған буклет берген дұрыс. Әрине, ол журнал не басқа да әдебиетті сұрап жатса, бір данасын қуана-қуана береміз (Н.с 3:27, 28).