Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ИШАЯ 63—66

Жаңа аспан мен жаңа жер зор шаттыққа бөлейді

Жаңа аспан мен жаңа жер зор шаттыққа бөлейді

Ишая 65-тараудағы Ехобаның қайта қалпына келтіруге қатысты уәдесі міндетті түрде орындалатындықтан, Ехоба ол туралы орындалып қойғандай айтқан.

Ехоба бұрынғы жайттар еске алынбайтын жаңа аспан мен жаңа жер жаратады

65:17

Жаңа аспан деген не?

  • Бұл — жер бетінде әділдік орнататын жаңа үкімет

  • Ол 1914 жылы Мәсіх Құдай Патшалығының Патшасы ретінде таққа отырғанда орнады

Жаңа жер деген не?

  • Бұл — барлық халықтан, тіл мен нәсілден шыққан әрі көктегі жаңа үкіметтің билігіне бағынғысы келетін адамзат қоғамы

Қалайша бұрынғы жайттар еске алынбайды?

  • Көңілге қаяу түсіретін естеліктердің себептері — тән азабы, ой азабы мен жан азабы — енді қайтып болмайды

  • Адал адамдар өмірдің толық рақатын көріп, өткен әрбір күннің қуанышты естеліктерін көңілде сақтайды