МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Үміттеріңе қуаныңдар
Үміт зәкір іспетті (Ев 6:19). Ол бізді теңіз дауылы кезінде рухани кеме апатына ұшыраудан сақтайды (Т1х 1:18, 19). Теңіз дауылына жасаған қателіктеріміз, қаржы тапшылығы, созылмалы дерт, жақын адамымыздың қайтыс болуы, мінсіздігімізді сынға алатын басқа да жайттар жатуы мүмкін.
Сенім мен үміт бізге Құдай уәде еткен сыйды анық көруге көмектеседі (Қ2х 4:16—18; Ев 11:13, 26, 27). Көкте не жерде өмір сүруге үміттенбейік, бәріміз де Құдай Сөзінде жазылған уәделер жайлы ой жүгіртіп, үмітімізді жүйелі түрде нәрлендіріп отыруымыз керек. Сонда басымызға қиындық түскенде, қуанышымызды сақтау жеңіл болады (Пт1х 1:6, 7).
“ҮМІТТЕРІҢЕ ҚУАНЫҢДАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
-
Неге Мұса еліктеуге тұрарлық үлгі?
-
Отағалардың мойнында қандай жауапкершілік бар?
-
Отбасылық ғибадатта қандай тақырыптарды қарастыруға болады?
-
Үміт қиындықтардан тайсалмай өтуге қалай көмектеседі?
-
Сіз не нәрсені асыға күтесіз?