Ұсыныс үлгілері
“ОЯНЫҢДАР!”
Сұрақ: Депрессияға шалдыққан жасөспірімдер саны күн санап артуда. Бұл проблемамен қалай күресуге болады?
Әдебиет: Мына журналда жасөспірімдер депрессиямен қалай күресе алатынына және ата-аналар оларға қалай көмектессе болатынына қатысты біраз кеңес бар.
ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК
Сұрақ: Отбасы берекелі болу үшін не қажет?
Тармақ: Еф 5:33
Шындық: Сүйіспеншілік пен сыйластық отбасының іргесін берік етеді.
“ТІРШІЛІКТІҢ БАСТАУЫ. БЕС МАҢЫЗДЫ СҰРАҚ” (lf)
Сұрақ: Тіршілік қалай пайда болды деген сияқты маңызды сұрақтар туындағанда, нанымымыз не нәрсеге негізделу керек деп ойлайсыз?
Тармақ: Ев 11:1
Әдебиет: Осы тармаққа сай, нанымдарымыз “айқын дәлелге”, немесе сенімді дәлелге негізделгені жөн екен. Мына кітапшада тіршіліктің бастауы жайлы бес негізгі сұрақ пен сенімді дәлелдер келтіріледі.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.