Ехоба куәгерлері шындықты үйретіп тұр (Камбоджа)

“ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ” КЕЗДЕСУІНІҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ Ақпан 2018

Пікірлесу үлгілері

Пікірлесу келесі сұрақтарға негізделген: Киелі кітап ескіріп қалды ма? Киелі кітап ғылыммен үйлесе ме? Ол жердегі кеңестер бүгінде пайдалы ма?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Бидай мен арамшөп туралы мысал

Иса бидай мен арамшөп туралы мысалымен нені түсіндіргісі келген? Тұқым себуші, дұшпан және егін жинаушылар кімдерді білдіреді?

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Патшалық туралы мысалдар мен олардың біз үшін мәні

Иса қарапайым мысалдардың көмегімен терең рухани шындықтарды үйреткен. Матайдың 13-тарауынан тағы не нәрсеге үйренуге болады?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Аздың қолымен көпті тамақтандыру

Иса шәкірттеріне қолдарында небәрі бес нан мен екі балық болса да, қалың жұртты тамақтандыруды тапсырды. Әрі қарай не болды және мұның біз үшін қандай мәні бар?

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Әке-шешеңді құрметте!”

Иса пайғамбар “Әке-шешеңді құрметте!” деген заңды орындаудың маңыздылығына баса назар аударды. Бұл тек жастарға айтылған ба?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Сіздің ойыңызда кімнің ойы?

Шайтанның емес, Құдайдың ойымен жүру үшін не істеуіміз керек? Иса бұрыс ойдан аулақ болуға көмектесетін үш жайтқа көңіл бұрған.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Сұрақтарды тиімді қолдану

Иса тыңдаушыларына маңызды шындықтарды үйрету үшін сұрақтарды тиімді қоя білген. Исаның тәлім беру шеберлігіне қалай еліктей аламыз?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Өзіңізді де, өзгені де сүріндіруден сақ болыңыз

Иса мысалдардың көмегімен өзімізді де, өзгелерді де сүріндірудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірген. Сіз үшін не нәрсе сүріндіретін тас болуы мүмкін?